event
15 желтоқсан 2022

«Батыр бабалардың отан қорғаудағы ерліктері: тарих және тағлым» конференциясы

Шәкәрім университетінде XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының даңқты қолбасшысы, мемлекет қайраткері Қаракерек Қабанбай батырдың туғанына 330 жыл толуына арналған «Батыр бабалардың отан қорғаудағы ерліктері: тарих және тағлым» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференция жұмысына Абай облысы әкімдігі, отандық ғалымдар, тарихшылар, елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысады.

Пленарлық мәжілісте келесі баяндамалар жасалады:
1. Каримов Мұхтарбек Қарпықұлы – т.ғ.к., Шәкәрім университетнің профессоры (Семей қ.) Қабанбай тұлғасы ауызша және жазбаша деректерде
2. Камал Әбдірахман – Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы (Астана қ.) Есіл-Нұра, Ақмола өңірі топонимдері хақында
3. Исин Амантай Исаұлы – т.ғ.к., Шәкәрім университетнің профессоры (Семей қ.) Қазақ шабуылдары және жоңғарияның күйреуі
4. Каримов Айбек Мүтәләпханұлы – қоғам қайраткері, «Кетбұқа-Төлегетай» қоғамдық қорының өңір тарихын зерделеу жобасының жетекшісі (Өскемен қ.) Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің орны
5. Асылбеков Мұхаметбек Қасымханұлы – тарихшы-өлкетанушы (Семей қ.) Әбілпейіз Сұлтан – XVIII Ғ. Көрнекті мемлекет қайраткері
6. Еңсенов Қанат Әлібекұлы – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ.) Қабанбай Батырға қатысты тың зерттеулер және экспедиция материалдары
7. Айтхожин Қайрат Батханұлы – Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицей мұғалімі (Өскемен қ.) Қабанбайтану оқу құралының жазылуы және оны мектепте пән ретінде оқыту мәселелері

Өтетін орны: Глинка көшесі, 20А, «Үш анық» конференц-залы.
Күні: 15.12.2022 жыл, 15:00.