event
10 сәуір 2024

​ПРОФЕССОРДЫҢ АШЫҚ ДӘРІСІ

Ғылым апталығы аясында Shakarim University ҚР Ұлттық Ғылым академиясының ғылыми және ғылыми-техникалық даму талдау орталығының жетекшісі, профессор Болат Кеңесовпен ашық дәріс өткізетін болады.

Болат Нұрланұлы - аналитикалық химия және экология саласындағы зерттеулермен айналысады, қоршаған орта объектілерін, тамақ және мұнай өнімдерін және т. б. хроматографиялық талдау үшін жаңа әдістемелер, материалдар мен жабдықтар әзірлейді.
Ғылым мен технологияның қызықты әлемімен танысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Өтетін орны: «Үш анық» конференц-залы
Күні: 10.04.2024, 10.00