event
11 сәуір 2024

ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ДӘРІСІ

ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРМЕН – TEDx ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ

Shakarim University Ғылым апталығы аясында үздік оқытушылардың TEDx дәрістерін ұйымдастырады.
Бұл сіздің білім мен инновацияның бастауында тұрған адамдардан әлемді өзгертетін, шабыттандыратын идеяларды естудің бірегей мүмкіндігі. Біздің көрнекті спикерлеріміз ғылыми жетістіктерден бастап оқыту өнеріне дейін технология, қоғам, мансапқа дейінгі әртүрлі тақырыптар бойынша өз ойларымен, жаңалықтарымен бөліседі.
TEDx - бұл әркімге әртүрлі саладағы сарапшылардан жаңалықтарды тікелей естуге мүмкіндік беретін құнды идеялармен бөлісуге арналған платформа. Шабыт алуға, ынталандыруға және жаңа нәрселерді үйренуге дайын болыңыз!
Өтетін орны: №8 оқу ғимараты, Ғылыми кітапхана (2 қабат)
Күні:11.04.2024, 16.00