event
15 ақпан 2023

ТАБЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ДӘРІСІ

Табысты тұлғалардың барлығы қатаң тәртіппен ғұмыр кешеді деп ойласаңыз қателесесіз. Иә, олар арнайы ұстанымдармен өмір сүреді. Оның ішінде күн тәртібін дұрыс жолға қояды. Жүйелі жоспарлайды, жан рахатына жақсы әдеттер арқылы қол жеткізеді дейді.

Осы ретте «Табысты тұлға кім?» деген сауал туындайды.
Шәкәрім университетінде «Табысты тұлғалардың дәрісі» жобасы аясында филология ғылымдарының кандидаты, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждінің директоры Шағангүл Жанаевамен «Қазақ қызы: жан мен тән сұлулығы» тақырыбындағы дәрісі өтеді.
Өтетін орны: «Үш анық» конференц-залы
Күні: 15.02.2023 жыл, 16:00.