event
27 ақпан 2024

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

"Орман өрттері - ХХІ ғасырдың жаһандық мәселесі" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Shakarim University "Орман өрттері - ХХІ ғасырдың жаһандық мәселесі" атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияны өткізетін болады. Бұл бірегей оқиға әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші ғалымдарды, зерттеушілерді, саясаткерлерді, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін орман өрттерінің алдын алу және бақылау бойынша білімдерімен, стратегияларымен және тәжірибелерімен бөлісетін бірегей алаң болмақ.
Шараны Абай облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ бірлесіп ұйымдастырады.
Конференция ең өзекті экологиялық проблемалардың бірі – орман өрттерімен күресте инновациялық тәсілдер мен технологияларды әзірлеу және енгізу үшін қажетті жаһандық диалог пен ынтымақтастықты ынталандыруға бағытталған. Жиынға қатысушылар орман өрттерінің себептері мен салдарын, олардың алдын алу және сөндіру әдістерін және аталған жаһандық мәселені шешудегі халықаралық қауымдастықтың рөлін және т.б. көптеген мәселелерді талқылайды.
Өтетін орны: Семей қаласы, Глинка көшесі, 20 А, “Үш анық” конференц-залы
Күні:27.02.2024, 10.00