event
28 қыркүйек 2022

«Мұхтар Әуезов және ұлт өркениеті» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Шәкәрім университеті 2022 жылдың 28 қыркүйегінде өтетін қазақтың көрнекті жазушысы, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Мұхтар Әуезов және ұлт өркениеті» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырады.

Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және колледж, мектеп мұғалімдері шақырылады.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру комитетіне
келесі құжаттарды өткізу керек:
− белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтінім;
− талаптарға сәйкес рәсімделген баяндама.
Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасы: auyezov.conf22@mail.ru
Конференция материалдары электронды жинақта жарияланады.