event
09 қыркүйек 2022

«Абай – менің өмірлік тақырыбым...»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 9 қыркүйек күні сағат 11.00-де М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының «Абай – менің өмірлік тақырыбым...» көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрмеде ғұлама ғалым, кемеңгер жазушы Мұхтар Омарханұлының «Абай жолы» роман-эпопеясының қолжазба көшірмелері, шапаны мен костюмі, түпнұсқадағы «Абай» журналының аудармалары көрермендер назарына ұсынылады.