event
15 қыркүйек 2022

ҚҰРМЕТТІ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІ!

Қыркүйектің 14–15 күндері Шәкәрім университетінде дәстүрлі «Ұйымдар жәрмеңкесі» өтеді.

Университет қабырғасында 8 студенттік ұйым үнемі жұмыс жасайды. Кез келген ұйымның құрамына дәл осы жәрмеңке күні немесе басқа күндері де кіруге болады. Есік әрдайым ашық.
Студенттік өмірлеріңіз қызықты да жарқын, есте қаларлықтай болсын десеңіз, Шәкәрім университетінің шығармашылық ұйымдарының біріне мүше болыңыз. Мұнда бойларыңыздағы өнерлеріңізді дамытуға және өз қабілеттеріңізді жаңа қырынан танытуға, сондай-ақ жаңа достар табуға мол мүмкіншілік бар.