event
26 қыркүйек 2022

МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ БАЙҚАУЫ

Shakarim University Ұстаздар күніне орай университетіміздің үздік педагогтері мен оқытушыларын қолдау, ұлықтау мақсатында «Менің ұстазым» атты университетішілік байқауының өтетіндігін хабарлайды.

Байқауға білім алушылардың қатысу мүмкіндігі бар!
Байқау үздіктері арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысушы шәкірт ұстазының тұлғалық қасиеттерін суреттейтін:
- ұстазының портретін салуға;
- ұстазы туралы пост жазуға;
- ұстазы туралы бейнеролик (ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек) түсіруіне болады.
Аталған байқау алдымен факультет ішінде өткізіліп, анықталған үздіктерінің жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айының 26-на дейін әлеуметтік желіге жариялануы тиіс.
Университеттің @shakаrim.time инстаграмм желісін және #Меніңұстазым хэштегін белгілеу қажет.
Байқаудың марапаттау рәсімі Ұстаздар күніне арналған мерекелік шарада өтеді.
Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефон номерлер арқылы біле аласыздар:
8777-742-22-70, 8702-112-22-40


Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті