event
28 қыркүйек 2022

Мұхтар Әуезов шығармалары ұлттың мәңгілік мұрасы

2022 жылдың 28 қыркүйек күні Шәкәрім университетінде өтетін Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Мұхтар Әуезов және ұлт өркениеті» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Назарбаев Университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, «Рухани жаңғыру мәдени орталығының» директоры Гүлтас Құрманбай студенттер мен магистранттарға, мектеп мұғалімдеріне «Мұхтар Әуезов шығармалары ұлттың мәңгілік мұрасы» тақырыбында дәріс оқиды.

Өтетін уақыты: сағат 15.00-де
Мекенжайы: Қашаған көшесі 1, акт залы.