«Шаңырақ» студенттік Ассамблеясы

«Шаңырақ» студенттік Ассамблеясы

«Шаңырақ» студенттік Ассамблеясы – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі аясында 2024 жылы құрылған студенттік ұйым.

Негізгі мақсаты – студенттерді қоғамдық келісім, этносаралық гармония, мәдени әртүрлілік және мемлекеттік сәйкестілік құндылықтары төңірегінде біріктіру.

Ассамблея студенттерді қоғамдық және азаматтық белсенділікке тарту, патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік тілді насихаттау, тарихи-мәдени мұраны сақтау, экологиялық жобаларды жүзеге асыру, медиа сауаттылықты дамыту және әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру бағытында іс-шаралар өткізеді.

Ұйым түрлі этнос студенттері арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, патриоттық сезімдерді қалыптастыруға және студенттердің шығармашылық әрі интеллектуалды әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар, белсенді студенттерді анықтау және олардың идеяларын жүзеге асыруға методикалық және жобалық қолдау көрсету де басты міндеттердің бірі болып табылады.

Ақпарат

Рысбек Айым Қайратқызы

Басшы

Рысбек Айым Қайратқызы