Есенгулова Нурлыгуль Жансаповна

Есенгулова Нурлыгуль Жансаповна

Ғалым хатшы

Байланыс ақпараты

071400 Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 20 "А"
Офис: 509

Ғылыми кеңес

Негізгі қызметтері

1. Ғылыми кеңес қызметінің мақсаттары:

  • білім беру бағдарламаларын сәтті іске асыру мақсатында білім алушылар мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • Университетті қаржылық қолдауды және материалдықтехникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;

  • Университеттің одан әрі дамуына жәрдемдесу.

2. Ғылыми кеңестің құзыреттері:

  • Университеттің ұйымдық құрылымы бойынша: университеттің әкімшілік, оқу және ғылыми бөлімдерін (кафедралар, факультеттер, зертханалар және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде Директорлар кеңесінің қарауына ұсыныстар енгізеді және қарастырады;

  • Университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар енгізу;

  • Университеттің даму стратегиясын айқындайды;

  • Университеттегі оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

  • ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлім басшыларының оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызметті жүргізу нысандары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды;

  • жоғары білім берудің көп деңгейлі жүйесінде оқыту мерзімдері бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын айқындайды және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын бекітеді;

  • монографияларды, оқулықтарды, оқу құралдарын және оқуәдістемелік әзірлемелерді қарастырады және басылымға ұсынады;

  • білім алушыларды ақылы бөлімнен білім беру грантына ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

  • Университеттің негізгі мәселелерін қарастырады және әлеуметтік даму шешімдерін қабылдайды;

  • оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың перспективалық жоспарын қарайды;

  • студенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыптары мен жетекшілерін, диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілері мен кеңесшілерін бекітеді;

  • Университеттің стратегиялық даму жоспарын іске асыруға байланысты мәселелерді қарайды;

  • ақылы білім беру қызметтерін көрсету, өндірілетін өнімді коммерцияландыру және өткізу арқылы ЖОО алатын кірістерді қайта инвестициялау бағыттары, сондай-ақ ақшалай қаражатты пайдалану тәртібі бойынша ұсыныстарды қарастырады және Басқармаға ұсынады;

  • ішкі тәртіп ережелерін қарастырады және бекітеді;

  • ЖОО қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкіметтік наградаларға, ғылыми және құрметті атақтарға, сыйлықтар мен стипендиялар алуға ұсыну, «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық конкурсына қатысу үшін кандидаттардың ұсынымдары туралы мәселелерді қарайды;

  • алқалы шешімді талап ететін ЖОО қызметінің өзге де мәселелерін қарайды.

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
  1. Орынбеков Д.Р. - Басқарма Төрағасы – Ректор, төраға

  2. Дәрібаев Б.С. - Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор, төраға орынбасары

  3. Есенгулова Н.Ж. - Ғалым хатшы

  4. Дулатбай Е.А. - Басқарма мүшесі - интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректор

  5. Қалибекқызы Ж. - Басқарма мүшесі - ғылым жөніндегі проректор

  6. Қасымов А.Б. - Басқарма мүшесі - әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

  7. Карибаев М.С. - Аппарат басшысы

  8. Муқышева Г.М. - Жұмыс беруші, Экономикалық лицейдың директоры

  9. Амирханов К.Ж. - Тамақтану технологиясы кафедрасының профессоры

  10. Еспенбетов А.С. - «Абай және Ұлттық руханият» Ғылыми орталығының ғылыми қызметкері, профессор

  11. Тоқаев З.Қ. - Ветеринария кафедрасының профессоры

  12. Нұрымхан Г.Н. - Тамақ инженериясы зерттеу мектебінің деканы

  13. Мукаев Ж.Т. - Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы

  14. Жарықбасов Е.С. - Физика және химия ғылымдарының зерттеу мектебінің деканы

  15. Зейнуллина А.Ж. - Бизнес және коммуникация жоғары мектебінің деканы

  16. Касымова А.А. - Білім беру жоғары мектебінің деканы

  17. Кожахметова Д.О. - Цифрлық технологиялар және құрылыс жоғары мектебінің деканы

  18. Сулейменов Ш.Қ. - Ветеринария және ауылшаруашылық зерттеу мектебінің деканы

  19. Сатымбеков М.Н. - STEM-білім беру жоғары мектебі

  20. Абдикаримова Т.Т. - Жоғары колледж директоры

  21. Оспанова Д.М. - Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры

  22. Асаубаева А.С. - Департамент директоры - бас бухгалтер

  23. Абдикакимов М.Т. - Социологиялық талдау орталығының басшысы

  24. Тұрысбеков М.Б. - Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры

  25. Оразгалиева А.К. - Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы

  26. Нургазезова А.Н. - Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау орталығының басшысы

  27. Абдилова Г.Б. - Биоинженерлік жүйелер кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  28. Беленко О.Г. - Тілдік коммуникация кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  29. Жумадилов И.Т. - Құрылыс және геодезия кафедрасының меңгерушісі

  30. Кенбаев Д.Т. - Физика және информатика кафедрасының меңгерушісі

  31. Саганаева Г.Б. - Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі

  32. Джаманова Г.Е. - Ауыл шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы

  33. Елубаев Нұрасыл - Студенттік Парламент спикері

Ғылыми кеңестің 29.09.2025 жылғы №2 хаттамасымен бекітілді


Құжаттар
Ғылыми кеңес ережесі

2024-2025 оқу жылы
2023-2024 оқу жылы
2022-2023 оқу жылы
Ғылыми кеңес жоспары
2021-2022 оқу жылы
Ғылыми кеңес жоспары