Студенттер үйлері
Студенттер үйлері туралы мәліметтер

1. Сыйымдылығы 1174 студентке дейін (5 Студенттер үйлері бойынша).

2. Бір адам үшін пайдалы аумақ көлемі - 6,6 шаршы метр.

3. Студенттер үйлеріндегі әрбір бөлме 2-6 адамға есептелген және төсек, шкаф, пуфик, тумбочка және тоңазытқыштармен жабдықталған.

4. Әр Студенттер үйлері заманауи техникамен - кір жуатын машина, киім үтіктегіш тақталар және үтікпен жабдықталған, компьютер бөлмесі, демалыс бөлмесі, ас үй, спорттық бөлме, душ және кір жуатын бөлмелері бар.

5. Студенттер үйлерінде Wi-Fi интернет жұмыс істейді. Демалыс бөлмелері мен компьютер бөлмесі спутниктік және жергілікті телевидениені көрсететін плазмалық теледидарлармен жабдықталған. Барлық тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жатақхана күні-түні қорғалады.

6. Студенттер үйлерінде тұру құны - оқу жылына 140 000 – 160 000 теңге (Студенттер үйлеріне орналасқанда оқу жылына толықтай төленеді).

7. Студенттер үйлеріне орналасау «Студенттер үйлері туралы ереже» бойынша жүзеге асырылады.

Студенттер үйлеріне ораналасу тәртібі

Студенттер үйлеріне орналастыру тәртібі:

1. Конкурстық комиссия университеттің Студенттер үйлеріндегі орындарды қағаз жүзінде немесе портал арқылы электрондық түрде берілген өтініш негізінде, сондай-ақ көрсетілетін қызмет алушының мәртебесін растайтын құжаттарды қоса отырып, университеттің СҮ–не орындарды бөлуді жүзеге асырады.

2. СҮ–нен орын алу үшін білім алушы белгіленген өтінішті толтырады. Өтінішті толтырғаннан кейін тіркеу тәртібінде көрсетілген мерзімдерге сәйкес, атап айтқанда 3 (үш) жұмыс күні ішінде, тіркелуге келіп, тиісті құжаттарды толтыруы қажет.

3. Студенттердің өтініші әр СҮ бойынша журналға нөмірленіп тіркеледі.

4. СҮ–не орналасу алдында алғашқы медициналық тексеруден өтеді. Оның нәтижесінде жауапты медицина қызметкері білім алушының өтінішіне оның тұрғылықты жеріне қабылдау туралы белгі қояды.

5. Өтініштер мен толық құжаттар әр СҮ–нің меңгерушісінің жауапкершілігінде. Құжаттар білім алушы толық оқу үрдісін аяқтағанша сақталады.

6. СҮ–не орналастыру конкурстық комиссияның шешімі бойынша, СҮ–де тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсетуге жасалған келісімшарт, жолдама және орналастыру туралы Басқарма мүшесі – стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректордың бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

7. Конкурстық комиссия негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып СҮ–дегі орындарды мынадай басым тәртіппен бөледі:

1) мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адамдар болып табылатындар;

2) 18-ге толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар, жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын бағдарламалар бойынша оқуға түскен ауыл жастары, сондай-ақ қандастар;

3) «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін–2050») жобасының білім алушылары;

4) бірінші курсқа қабылданған, «Алтын белгі» белгісі бар білім алушылар, президенттік, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпазы немесе жүлдегері сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ білім туралы растайтын құжатпен ұйымды үздік бітірген талапкерлер;

5) мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған, ҰБТ немесе кешенді тестілеу, пәндер бойынша түсу емтихандары немесе ұйым өткізген тестілеу нысаны бойынша жоғары балл алған білім алушылар;

6) тестілеу нәтижелері тең болған жағдайда білім алушының материалдық жағдайы ескеріледі;

7) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелері бар жоғары курс білім алушылары;

8) университеттің өзге де білім алушылары.

8. Білім алушылар қатарындағы шетелдіктер халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес СҮ–дегі орындармен қамтамасыз етіледі.

9. Конкурстық комиссия өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде СҮ–нен орын беру туралы шешім қабылдайды.

10. Конкурстық комиссия СҮ–не мұқтаждық орын алған күтпеген отбасылық, материалдық және өзге мән-жайлар туындаған білім алушыға СҮ–нен орын беру туралы, сондай-ақ декан немесе декан орынбасарының ұсынуы бойынша СҮ–нен шығару туралы шешім қабылдайды.

11. Конкурстық комиссия СҮ–дегі орындарды кезең-кезеңімен бөлуді жүргізеді:

11.1. оқу жылының басында (тамыз) бірінші курсқа қабылданған және ауысып келген білім алушыларға;

11.2. оқу жылы ішінде қажеттілігіне қарай — СҮ–де тұратын контингенттің өзгеруіне және қайта қабылданған білім алушыларды орналастыру қажеттілігіне байланысты.

12. СҮ–де тұру үшін қалыптастырылған тізім негізінде комиссия төрағасының қолымен білім алушыға отырыс өткеннен кейін 24 сағат ішінде жолдама беріледі.

13. Қалада (елді мекенде) өз меншігінде тұрғын үйі (пәтер, үй) бар білім алушылар СҮ–мен қамтамасыз етілмейді.

14. СҮ–дегі орындар демалыс кезеңін қоспағанда, бір оқу жылына беріледі. Демалыс уақытында белгілі бір санаттағы білім алушыларға (жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар) тұруға рұқсат етіледі.

15. СҮ–нен шыққан кезде білім алушы тиісті бұйрық шыққан күннен бастап 3 күн ішінде алған мүлкін тапсырып, тұрғын үй-жайды босатуы тиіс.

Студенттер үйіне орналасу үшін керекті құжаттар

жеке куәлік (түпнұсқа, көшірме - 2 дана);

фото сурет 3х4 - 6 дана

іс қағазы (скоросшиватель бумажный) - 1 дана

файл - 2 дана

конверт - 1 дана

оқуы туралы анықтама

075/у медициналық анықтамасы және флюорография (көшірме)

балалар үйінен анықтама (түпнұсқа), ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі анықтама немесе асыраушысы туралы анықтама (ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін)

мүгедектік туралы анықтама (мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін)

Шетел азаматтары үшін

паспорт (түпнұсқа, көшірме - 2 дана)

паспорттың қазақша аудармасы (көшірме - 1 дана)

фото сурет 3х4 - 6 дана

іс қағазы - 1 дана

файл - 2 дана

конверт - 1 дана

оқуы туралы анықтама

Фото
Жатахана №1
Жатахана №2
Жатахана №3
Жатахана №4
Жатахана №5
Ғылыми кітапхана

Кітапхана «Шәкәрім университеті» ҚеАҚ-ның жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Студенттерге, ғылыми – педагогикалық қызметкерлерге және басқа да оқырмандарға тез және сапалы кітапханалық және ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастырады және іске асырады.

Кітапхананың кітап қоры қазақша, орысша және шет тілдерінде университет бейініне сәйкес әртүрлі білім салалары бойынша жинақталған. Әдебиеттер гуманитарлық және қоғамдық-саяси ғылымдар, экономикалық және заң туралы іргелі ғылым салалары бойынша топтасқан, сондай-ақ әлемдік көркем әдебиеттің орысша, қазақша және шет тілдеріндегі бай кітап қоры бар.

Университеттің оқу ғимараттарында кітапхананың 5 оқу залы және 6 оқу абонементі бар. Кітапхана оқырмандарының Internet ғаламдық ақпараттық желісін мемлекеттік және орыс тілдерінде пайдалану мүмкіндігі бар.

Кітапхана пайдаланушылары Ресей Мемлекеттік кітапханасының толықмәтінді дерек қорына, Республикалық Жоғары орындары арасындағы электронды кітапханаға, қолжетімді тегін электронды ресурстарына ену мүмкіндіктері жасалған.

Кітапхана миссиясы

Кітапхана өз миссиясын заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға көмек көрсету деп біледі.

Кітапхананың мақсаты – кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуге, оқырмандарды қажетті әдебиеттер мен ақпараттармен қамтамасыз етуге, университет профиліне сәйкес білікті кадрларды даярлаудың ішкі мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған.

Кітапхананың міндеті – сапаның халықаралық стандарттарға сәйкестігі, университеттің профиліне сәйкес қор құру, тиімді қызмет көрсету.

https://kitaphana.shakarim.kz/

Коппьютерлік сыныптар

Білім алушыларға ыңғайлы болу үшін университетте 1150 компьютер орнатылған.

Сонымен қатар, компьютерлік сыныптарда оқу процесі мен практикалық сабақтар үшін қол жетімді 469 компьютер бар.

Коворкингтер

Университет аумағында білім алуышлар мен қызметкерлер және ПОҚ үшін қолжетімді бірнеше коворкинг аймағы қарастырылған. Әрбір кеңістік тыныш әрі жайлы орта, заманауи жабдықтар, Wi-Fi және команда болып жұмыс істеуге арналған шағын залдармен қамтамасыз етілген. Коворкингтар оқу процесін тиімді ұйымдастыруға және шығармашылық бастамаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Спорт нысандары

Сабақтар университеттің спорт кешендерінде таңғы сағат 8:30-дан кешкі 18:00-ге дейін Шәкәрім университетінің, Шәкәрім жоғары колледждің және Shakarim High School білім алушылары үшін өткізіледі. Кешкі уақытта спорт залдары университет қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді.

Студенттік спорт жарыстарын жаттықтырушылар ұйымдастырады.

Спорт секциялары: волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, ұлттық спорт түрлері, фитнес және жүзу.

№1 спорт кешені

• Мекенжайы: Физкультурная көшесі, 4б

• Жалпы ауданы: 4 118,2 шаршы м.

• Бассейннің ауданы: 515,5 шаршы м.

• Нысанның функционалдық мақсаты: оқу процесі, жарыстар, жаттығу

Жүзу бассейні – 1;

Спорт залы – 1;

Күрес залы – 1;

Спорт залы – 2 (ерлер және әйелдер);

Жасанды жабыны бар жазғы футбол алаңы - 1.

№2 спорт кешені

• Мекенжайы: Құлжанов көшесі, 1.

• Жалпы ауданы: 2 639,0 шаршы м.

• Нысанның функционалдық мақсаты: оқу процесі, жарыстар, жаттығулар

Спорт залы – 2;

Фитнес залы – 1;

Үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақ бөлмелері.

Медициналық пункттер

Медициналық пункттер (МП) – Шәкәрім университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және білім алушылар мен қызметкерлерге емдеу-профилактикалық көмек пен шұғыл медициналық жәрдем көрсетеді.

МП құрамына 6 медициналық пункт кіреді: №1, №2, №4 жатақханалардағы (изоляциялық бөлмелері бар) пункттер, сондай-ақ №3, №8 оқу корпустарындағы және №1 спорт кешеніндегі пункттер.

Медициналық пункттердің орналасуы:
– №3 оқу корпусы – Қашғани көшесі, 1;
– №8 оқу корпусы – Шугаев көшесі, 159;
– №1 жатақхана – Физкультурная көшесі, 2а;
– №2 жатақхана – Шугаев көшесі, 159/4;
– №3 жатақхана – Найманбаев көшесі, 263;
– №1 спорт кешені – Физкультурная көшесі, 4.

Медициналық пункттер Семей теміржол ауруханасы Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) көрсету ұйымымен шарт негізінде қызмет көрсетеді.

Негізгі қызмет түрлері

  • Оқытушылар мен білім алушыларға шұғыл және алғашқы медициналық көмек көрсету, амбулаторлық қабылдау жүргізу.

  • Профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және өткізу.

  • Қызметкерлер мен білім алушылардың флюорографиялық тексерістен уақтылы өтуін ұйымдастыру және бақылау.

  • Білім алушыларды Студенттік үйлерге орналастыру барысында және жалпы контингентке медициналық тексеру ұйымдастыру.

  • Оқу корпустарындағы медициналық пункттерде емдік процедуралар жүргізу және МСАК-те мамандардан дер кезінде кеңес алуына жағдай жасау.

  • Студенттер арасында санитарлық-гигиеналық тәрбие жұмысын, салауатты өмір салтын насихаттау, ЖРВИ, тұмау және басқа жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша дәрістер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  • Диспансерлік есептегі науқастарды, мүгедектерді, жүкті студенттерді бақылау.

  • Денсаулық сақтау жүйесінің цифрландырылуы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  • ҰБТ, КТА, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар кезінде кезекшілік ету.

  • Қабылдау комиссиясы кезеңінде абитуриенттердің медициналық құжаттарын тексеруді қамтамасыз ету.

Асханалар

Университеттің оқу корпустарында білім алуышлар мен қызметкерлердің қолайлы тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше асхана қызмет атқарады. Әр асхана заманауи талаптарға сай жабдықталған, санитарлық нормаларға толық сәйкес келеді және келушілерге сапалы әрі қолжетімді ас мәзірін ұсынады. Асханаларда жеңіл тағамдар, сусындар, тәттілер, сондай-ақ студенттер арасында сұранысқа ие күнделікті ас түрлері ұсынылады.

Асхананың негізгі мақсаты — оқу процесі барысында тиімді үзіліс ұйымдастыруға, студенттер мен қызметкерлердің күнделікті тамақтануын қамтамасыз етуге жағдай жасау.

Асхана орналасқан оқу ғимараттар:

Оқу ғимараты

Асхана саны

Жалпы ауданы, м2

Орын саны

1

№3 оқу ғимараты

1

95,6

50

2

№5 оқу ғимараты

1

64,4

12

3

№7 оқу ғимараты

1

125,3

40

4

№8 оқу ғимараты

1

75,6

25

5

№9 оқу ғимараты

1

100

44

Әлеуметтік көмек

Студенттер үйлеріне орындарды бөлу кезінде мынадай адамдарға басымдық беріледі:

- даму мүмкіндігі шектеулі адамдар, мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;

- кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отандастар;

- көп балалы және аз қамтылған отбасылар;

- «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» («Серпін-2050»);

- «Алтын белгі» төсбелгісімен бірінші курс студенттері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың, спорттық жарыстар мен шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары.

Жетім студенттер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған (немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған) жастар қатарындағы студенттер, сондай-ақ I, II және III топтағы мүгедектігі бар білім алушылар, оның ішінде бала кезінен мүгедектер университет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында мынадай қолдау шараларын пайдаланады:

1. Студенттік үйлерде тұруға жеңілдіктер. Аталған санаттағы білім алушыларға бүкіл оқу жылына университеттің Студенттік үйлерінде тұрғаны үшін 100% жеңілдік (ақы төлеуден толық босату) беріледі.

2. Білім беру қызметтеріне ақы төлеу бойынша жеңілдіктер. Білім беру қызметтеріне ақы төлеу бойынша 100% жеңілдік беріледі (оқу үшін ақы төлеуден толық босату).

3. Университеттің инфрақұрылымына қол жеткізу

Аталған санаттағы студенттер үшін:

- университет кітапханасы;

- спорт залдарына (футбол залы, волейбол және баскетбол залдары, теннис үстелдері, бассейн);

- жаттығу залы;

- университеттің компьютерлік сыныптарына;

- университеттің оқу залдары мен өзге де білім беру ресурстары.

4. Әлеуметтік қолдау бойынша төлем тағайындау:

- өмірлік қиын жағдайда біржолғы материалдық көмек (табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккендер; қалыптасқан жағдайлардың салдарынан өмірге қабілеттілігі бұзылған адамдар);

- ата-анасынан/жалғыз асыраушысынан (қамқоршысынан) айырылғандар.

5. Әлеуметтік-психологиялық және білім беру қолдау:

Университет өз мүмкіндіктері шегінде:

- куратормен сүйемелдеу және оқу процесіне және жатақханадағы өмірге бейімделуге көмектесу;

- психологтың, әлеуметтік педагогтың, қажет болған жағдайда университет заңгерінің тегін кеңестері;

- құқықтар, жеңілдіктер және әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат беру;

6. Ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау

Білім алушылардың көрсетілген санаттарына:

- мемлекеттік жәрдемақылар мен жеңілдіктерді ресімдеу үшін өтініштерді дайындауға және құжаттарды жинауға көмек;

- мемлекеттік органдар мен қорларда әлеуметтік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша консультация беру;

- жеңілдікті санаттағы студенттерге бағытталған жобаларға, бағдарламаларға, білім беру және әлеуметтік бастамаларға қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.