Тұрақты даму мүдделеріндегі серіктестіктер жаһандық тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін халықаралық, ұлттық және өңірлік деңгейлердегі ынтымақтастықты күшейтуді көздейді. Осы мақсатты іске асыру аясында университет келесі ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдарға қол жеткізді:
1. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК – дуалды білім беру жүйесін бірлесіп дамыту, бакалавриат, магистратура және PhD докторантура деңгейлерінде оқу сапасын арттыру, оқу процесін өндіріс жағдайларына барынша жақындату, кәсіпорынның кадрлық және материалдық-техникалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, білім алушыларды тарта отырып бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
2. «Семей орманы» МОТР РММ» – өндірістік жағдайларда кәсіби дағдыларды меңгеру, экожүйенің тұтастығын қорғау және сақтау бойынша практикалық дағдыларды игеру, «Семей орманы» базасында білім алушылармен бірлесіп қылқанжапырақты ағаш өсіру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, конференциялар ұйымдастыру, бірлескен ағаш отырғызу шаралары;
3. «Ядролық технологиялар паркі» АҚ – ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық: бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды іске асыру, жаңа технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу, жоғары білікті мамандар даярлау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, білім алушылардың практикасы мен тағылымдамаларын ұйымдастыру, ақпараттық алмасу;
4. Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы технологиясы университетінің Агрономия колледжі – «Жібек жолы» Альянсы аясында ауылшаруашылық білім беру, зерттеулер және инновациялар бойынша халықаралық ғылыми жобаны іске асыру, Абай облысының жағдайына бейімделген ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясына бағытталған бірлескен ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру, жобаның нәтижелері негізінде оқу-демонстрациялық алаң құру;
5. Сиань Цзяотун университеті (Xi'an Jiaotong University) – білім және ғылым саласында жан-жақты және тереңдетілген ынтымақтастық, білім сапасын арттыру, технологиялық инновацияларды трансформациялау және коммерциялық қолдануға ықпал ету, ұлттық стратегиялық жоспарларды бірлесіп жүзеге асыру арқылы білім және ғылым саласында жоғары деңгейге қол жеткізу;
6. ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің «Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы» РМК – ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бірлескен ресурстар ұсыну, ғылыми-техникалық ынтымақтастық орнату, негізгі ғылыми жетістіктер бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін зертханалық құралдар мен жабдықтар ұсыну, ғылыми конференциялар, семинарлар, жұмыс топтары мен жарияланымдарды бірлесіп ұйымдастыру, ғылыми әдебиетпен алмасу, ғылыми іс-шаралар туралы өзара ақпараттандыру, қажеттілігіне қарай қызметкерлердің ғылыми даярлығын ұйымдастыру (тағылымдама, магистратура, докторантура, диссертация қорғау және т.б.), бірлескен зерттеулер нәтижелерін ғылыми мақсатта пайдалану.
Сонымен қатар, сапалы бірлескен білім беру және ғылыми процесті жүзеге асыру мақсатында ұлттық және шетелдік серіктестермен (университеттер және кәсіпорындар) келісімшарттар жасалған.