Корпоративтік басқару
Бөлімдер
Нұрбаев Орман Кәрімұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор
Туған күні: 12 желтоқсан 1966 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесіне алғашқы сайланған күні: 2023 жылғы 23 тамыз, № 433 бұйрық.
Қазіргі Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2025 жылғы 13 қазан, № 476 бұйрық.
Білімі
Красноярск жоғары командалық әуе шабуылына қарсы қорғаныс радиоэлектроника училищесі (1987)
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебі (1997)
Еңбек өтілі
Әр түрлі әскери бөлімдерде радиолокациялық станция бастығы (1987-1994)
«Нарбота» қайырымдылық коммерциялық-кәсіпкерлік орталығының менеджері, бас директоры (1994-1996)
Ұлттық мемлекеттік басқару жоғары мектебінің тыңдаушысы (1996-1997)
Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы, бөлім бастығы (1997-2000)
Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінің бірінші хатшысы (2000-2001)
Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы елшілігінің бірінші хатшысы (2001-2002)
Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі (2002-2004)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасының Ситуациялық орталығының сектор меңгерушісі (2005-2006)
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық қатынастар департаментінің директоры (2006-2007)
Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі (2007-2012)
Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі (2012-2017)
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы (08.2017-07.2018)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары (2018-2019)
«KUSTO GROUP» ЖШС Басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2019- 2022)
«QazaqGeography» РҚБ Басқару кеңесінің Төрағасы (30.10.2019-03.06.2020)
«QazaqGeography» РҚБ Басқарма Төрағасы (04.06.2020 – қазіргі уақытқа дейін)
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАқ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор (21.04.2021-22.08.2023)
«Gateway Ventures (CA) LTD» ЖШС басқарушы директоры (2023-2024)
«Gateway Ventures (CA) LTD» ЖШС Директорлар кеңесінің мүшесі, өңірлік директор (Астана) (2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін)
«НАО Футбольный клуб Елімай» директорлар кеңесінің төрағасы (10.08.2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін)
«Шәкәрім университеті» КеАҚ директорлар кеңесінің төрағасы
Орынбеков Думан Рымғалиұлы
Басқарма төрағасы - Ректор, Директорлар кеңесінің мүшесі
Туған күні: 24 шілде 1983 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесіне алғашқы сайланған күні: 21.07.2023 жыл, бұйрық №326
Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні: 13.10.2025, бұйрық №476
Білімі
2005 жыл - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің "Тамақ өндірісіндегі технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша)" мамандығы бойынша "Инженер-механик" біліктілігі берілді
2020 жыл - Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің "Экономика" мамандығы бойынша "Экономика және бизнес" бакалавры дәрежесі берілді
Еңбек өтілі
01.11.2008 - 01.04.2011 - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің "Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары" кафедрасының аға оқытушысы
01.04.2011 - 01.09.2012 - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің басшысы
06.09.2012 - 03.01.2019 - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінің басшысы
04.01.2019 - 14.11.2019 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары
15.11.2019 - 27.11.2020 - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылым және инновация департаментінің директоры
30.11.2020 - 06.10.2022 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төраға орынбасары
10.10.2022 - 30.06.2023 - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төраға орынбасары
01.07.2023 - қазіргі уақытта - «Шәкәрім университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректоры
Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі
Туған күні: 13 ақпан 1984 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесіне алғашқы сайланған күні: 2024 жылғы 26 сәуір, № 192 бұйрық.
Қазіргі Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2025 жылғы 13 қазан, № 476 бұйрық.
Білімі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін тәмамдаған, халықаралық құқық магистрі
Чехияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша экономика және менеджмент магистріне оқыған
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген
Еңбек өтілі
Жоғары білім беру жүйесінде ҚР Білім және ғылым министрлігінде басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры қызметтерін атқарған (2008-2012)
ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы (2012-2014)
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы (2014-2017)
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Білім саласын жетекшілік етті (2017-2019)
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы (2019-2020)
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы (2020-2023)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы (12.2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін)
Кәрібаева Мамыр Куанышевна
Директорлар кеңесінің мүшесі
Туған күні: 31 тамыз 1970 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесіне алғашқы сайланған күні: 23.08.2023 жыл, бұйрық №433
Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні: 13.10.2025, бұйрық №476
Білімі
Алматы қаласы Қазақ қыздар педагогикалық институты, ұлттық мектепте орыс тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі (1993)
С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті, Астана қаласы, экономист (2003)
Еңбек өтілі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс басқармасының ведомстволық актілермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы (04.07.2001-03.01.2002)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сату басқармасы республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сатуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (14.01.2002 - 01.06.2008)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің қызметін ұйымдастыру басқармасының сарапшысы (01.06.2008 -15.08.2014)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы. (15.08.2014 - қазіргі уақытқа дейін)
Махмутова Меруерт Маутхановна
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Туған күні: 16 қазан 1963 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 13.10.2025, бұйрық №476
Білімі
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультеті (1985).
ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару жоғары мектебі (1997).
Қазақ мемлекеттік басқару академиясында бюджетаралық қатынастар бойынша диссертация қорғады (2000).
Еңбек өтілі
1985 – 1987 жж. - Алматы қ. №48 орта мектепте физика және информатика пәндерінің оқытушысы
1987 – 1993 жж. – Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтының инженері
1997 – 1997 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық ресурстарды бақылау агенттігінің Бақылау-талдау бөлімінің консультанты
1997 – 1999 жж. - «Семей» қаржы-өнеркәсіптік тобы, бағалы қағаздар және инвестициялар бөлімінің менеджері
1999 – 2003 жж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, мемлекеттік қаржы зерттеулері бөлімінің басшысы
2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін – сарапшы, кеңесші...
2022 ж. – оқытушы, Халықаралық Бизнес Университеті, Бизнес мектебі магистратурасы
2022 – қазіргі уақытқа дейін – Public Policy Research Center (PPRC) директоры, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Мукашев Балтабек Кумарович
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Туған күні: 22 қаңтар 1968 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесіне алғашқы сайланған күні: 20.10.2022 жыл, бұйрық №118
Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні: 13.10.2025, бұйрық №476
Білімі
Семей педагогикалық институты, Тарих және қоғамтану мұғалімі, тәрбие жұмысы бойынша әдіскер (1991)
Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы Халық шаруашылығы академиясы, МВА (2001)
Еңбек өтілі
1991-2001 жж. аралықта – «Еуразия Голд» компаниясының директоры
2007-2010 жж. аралықта – «Қазақ Кейп голд» компаниясының директоры
2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Директорлар кеңесінің төрағасы:
Еуразия Алтын (пайдалы қазбаларды барлау және өндіру)
Еуразия РЕД (Жылжымайтын мүлік)
Еуразия Агрохолдингі (Семей ет комбинаты)
Әл-қарал (биотехнологиялық холдинг)