Түлектерге арналған жадынама
І. Түлектерді жұмысқа орналастыруды қолдау
1. Жұмысқа жолдама беру
Оқу жоспарына сәйкес міндетті түрде өтеуге тиісті жұмысқа жолдама университетінің бекітілген тәртібі бойынша беріледі.
Түлекке:
жұмысты өтеу туралы жеке міндеттеме;
ресми жұмысқа жолдама;
жұмысқа орнластыру бойынша кеңес
2. Жұмыс берушілдермен байланыс
Бөлім еңбек нарығындағы серіктес ұйымдармен тұрақты түрде байланыс орнатады.
Түлектер үшін:
бос орындар туралы ақпарат
бос орындар жәрмеңкесі
жұмыс берушілер өткізетін кездесулер, семинарлар
тәжірибеден өту және тағылымдамадан өту мүмкіндіктері
II. Еңбекпен өтеу және одан босату
Егер түлек грант негізінде оқыған болса, заңнамаға сәйкес еңбекпен өтеу талап етіледі. Еңбекпен өтеуден босатылуы мүмкін санаттар:
жүкті әйелдер;
үш жасқа дейінгі баласы бар немесе өзі тәрбилеп отырған әйелдер;
1-2 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар;
магистратураға қабылданған түлектер;
ҚР Қарулы Күштеріне шақырылғандар
Әр санат бойынша тиісті құжаттар ұсынылады. Өтініштер университеттің бірінші басшысының атына жазылады.
III. Жұмысқа орналасуды растау
Түлектер оқу аяқталғаннан кейін белгілі бір мерзім ішінде (университеттің ішкі кестесіне сәйкес) жұмысқа орналасқанын растауы тиіс. Ол үшін мына құжаттардың бірі тапсырылады:
жұмыс орнынан анықтама;
жұмысқа қабылждау туралы бұйрықтың көшірмесі;
магистратураға түсу кезінде бакалавриат бойынша оқудан босату үшін магистратураға түсу туралы бұйрықтан көшірме немесе анықтама;
жұмыспен қамту орталығына тіркелу туралы анықтама;
ҚР Қарулы Күштеріне (әскер) шақырылғандар жұмысты өтеуді кейінге қалдыру үшін әскери қызметті өткеру туралы анықтама
IV. Түлектермен байланыс
Мансап және практика бөлімі түлектердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында:
жеке кеңестер жүргізеді;
түлектер базасын жаңартады;
жұмысқа орналастыру статистикасын жүргізеді;
түлектер қауымдастығымен байланыс орнатады.
V. Жұмыс іздеуге арналған сайттар
https://bagdar.kz/
https://qyzmet.kz
https://www.enbek.kz
https://hh.kz/
https://bilimalmaty.kz/job/index
Байланыс ақпараты
Мекен-жайы: Глинка көшесі, 20а, № 7 оқу ғимараты, Мансап және практика бөлімі, 4 қабат, 409 каб.
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма сағат 08.30-17.30
Қызмет көрсету бағыты: мансаптық кеңес беру, жұмысқа жолдама, түлектерді тіркеу, жұмыс берушілермен байланыс
Түлектердің міндетті түрде жұмыс істеуі керек туралы
«Қаржы орталығы» АҚ түлектерге ақпарат
«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы білім беру тапсырысы негізінде білім алған жас мамандар мен философия докторларының (PhD) жұмыспен өтеу және жұмыс өтелмеген жағдайда олардың оқуына бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ететін білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да білім алушының, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура бойынша оқу бітірушінің «Қаржы орталығы» АҚ-ға келісімін беру («511») немесе келісім беруден бас тарту («512») туралы ұсынысты қамтитын «1414» байланыс орталығынан келген SMS - хабарламаға 15 минут ішінде жауап беруге мүмкіндік берілетінін, көрсетілген уақыт өткен соң хабарлама өзектілігін жоғалтатынын хабарлайды.
ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да білім алушыдан, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура бойынша оқу бітірушіден «1414» байланыс орталығына дербес деректерді жинауге және өңдеуге «511» (келісім) хабарлама жіберілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен дербес деректерді жинау және өңдеу үшін «Қаржы орталығы» АҚ-ға шектеулі деректер – жұмыс берушінің БСН-і немесе ЖСН-і, ұйымның атауы, жұмыс берушінің мекенжайы және міндетті зейнетақы жарналарының түсу кезеңдері туралы ақпарат ұсынылады.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінде «Қаржы орталығы» АҚ үшін құпия сипаттағы басқа дербес деректер көрсетілмейді.
«1414» байланыс орталығына дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруден бас тарту «512» (келісім бермеу) хабарламасы жіберілген жағдайда ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да білім алушы, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура бойынша оқу бітіруші үшжылдық немесе екіжылдық жұмыспен өтеу мерзімі аяқталғанға дейін міндеттеменің орындалуы туралы растау құжаттарын «Қаржы орталығы» АҚ-ға өз бетінше жіберіп тұруы қажет болады.


