Білім беру бағдарламалары туралы ақпарат

Егер сіз шетелдік талапкер болсаңыз және Шәкәрім университетінде толық бакалавриат курсын аяқтауды жоспарласаңыз, сізге орыс тілін ең төменгі деңгейде – B2, сонымен қатар Pre-Intermediate/Intermediate деңгейінде ағылшын тілін білу қажет. Шәкәрім атындағы университетте білім алып, бакалавр дәрежесін алу үшін алдыңғы білімді толық аяқтау маңызды.

Шәкәрім атындағы университеттің факультеттер тізімі:

  • Инженерно-технологический факультет

  • Факультет ветеринарии и агроменеджмента

  • Факультет филологии

  • Гуманитарно-экономический факультет

  • Естественно-математический факультет

 Үміткерлерге қажетті құжаттар тізімі

Шәкәрім университетіне ақылы негізде оқуға шетелдік азаматтарды қабылдау қабылдау комиссиясы күнтізбелік жыл ішінде жүргізген әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Әңгімелесуден сәтті өткеннен кейін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • төлқұжат көшірмесі;

  • алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың қосымшасымен көшірмесі;

  • ағылшын тілінде мотивациялық эссе;

  • ұсыныс хат;

  • шетелде оқу үшін медициналық анықтама, сондай-ақ кандидаттың тұрғылықты елінің денсаулық сақтау саласындағы ресми органы берген адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ-инфекциясы) және ЖҚТБ-ның жоқтығы туралы медициналық анықтама;

  • Шәкәрім университетінің шақыру хаты (жоғары оқу орны төлқұжат көшірмесін және бұрынғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесін қосымшасымен бірге алғаннан кейін хат береді).

Құжаттарды қабылдау мерзімі: ағымдағы күнтізбелік жылдың 01 маусымына дейін.

Шет тіліндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады.

Ескерту. Бұл Қазақстандағы бұрынғы білім деңгейі туралы құжатыңыздың нотариалды куәландырылған аудармасын жасауымыз керек дегенді білдіреді.