Студенттік ұйымдар

"Қаракөз" студент-жастар театры

"Қаракөз" студент-жастар театры

Толқын Ақтана

Басшы

Толқын Ақтана

Театр – мәдениет ошағы. Сан түрлі өнердің ішінде театр мәдениетінің, театр өнерінің алатын орны ерекше. Тарихы тереңде келе жатқан «Қаракөз» студент-жастар театрының ең бірінші мақсаты: сахнаға, өнерге қызығатын студенттерден бір мәдени орта құрау. Сол орта арқылы оларды тәрбиелеу. Студенттер бойына сахнаның не екенін, сахна тілі, сахна мәдениеті, әртістік қабілет сынды ұғымдарды қалыптастырамыз. Студенттік өмір болғандықтан, жақсы орта мен жақсы достар табу өте маңызды. Сол мақсатта да, өнерге қызығушылығы бар студенттермен болашақта тығыз жұмыс жасаймыз.

+7 705 289 7084
qaragoz_theatre
Қазақстан студенттер альянсы

Қазақстан студенттер альянсы

Жуматаев Алибек Сериккалиевич

Басшы

Жуматаев Алибек Сериккалиевич

Ұйым 2005 жылы құрылған.

Ұраны: Альянс-бұл біздер, белсенді студенттер. Қазақстан, Қазақстан, Қазақстан-бұл біздер!

Қазақстан студенттерінің Альянсы студенттердің әлеуметтік және мәдени дамуы саласында жұмыс істейтің және студенттердің мүдделерін қорғаумен айналысатын үлкен ұйым. Қазақстан Республикасы студент жастарының зияткерлік, шығармашылық, рухани, инновациялық әлеуетін тиімді іске асыру үшін жағдайлар жасау үшін жұмыс атқарады. "Қазақстан студенттер Альянсы" Республикалық студенттік қозғалысының басты мақсаты студент жастардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шынымен шешетін және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсенді қатысатын ұйым ретінде қоғамдық бірегейлігін құру. Біздің ұйымда салауатты өмір салтын қолдайтын және саяси, әлеуметтік, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысатын көптеген жас, шығармашылық, креативті, ерекше тұлғалар бар.

+7 771 959 3690
shakarim_ask
«Шәкәрім Шуағы» ерікті жастар ұйымы

«Шәкәрім Шуағы» ерікті жастар ұйымы

Төлегенова Бибігүл Төлегенқызы

Басшы

Төлегенова Бибігүл Төлегенқызы

Студенттердің бос уақытын тиімді пайдаланып,пайдалы іске шақыру және бір адамның болсын өмірін өзгертуге үлесімізді қосу.Әлемді ,қоршаған ортаны сәлде болса жақсарту.

Біз «Шәкәрім Шуағы» ерікті жастар ұйымы
-мүмкіндігінше балалар үйіне барып балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін түрлі жобалар мен іс-шараларөткіземіз;
-мұқтаж отбасыларға көмек көрсетеміз;
-қаланың түрлі әлеуметтік және қайырымдылық шараларына қатысамыз;
-ұйымымыздың қайырымдылық қоймасы бар,онда сіз өзкерегіңізге жарамайтын бірақ мұқтаж отбасыларына керек заттарыңызбен бөлісе аласыз,оны біз мұқтаж отбасыларға табыстаймыз.
Сіз жақсылық жасағанды ұнатасыз ба Сіз белсендісізбе? Сіз мақсат қоя аласыз ба? Қоғамға өз үлесіңізді қосқыңыз келеме?
Көшбасшылық қабілетіңізді дамытқыңыз келедіме?
Онда біз сізді күтеміз!

+7 702 870 5407
shakarim_shuagy
«Серпін» іскерлері коғамдық бірлестігі

«Серпін» іскерлері коғамдық бірлестігі

Тұрғанбекова Маржан Ермекбайқызы

Басшы

Тұрғанбекова Маржан Ермекбайқызы

Басқа өңірлерден келген білім алушыларды жаңа ортаға үйрету, бейімдеу, ойын ашық жеткізу мен дұрыс бағыт-бағдар беру

+7 747 370 2007
shakarim_serpin
"AMANAT" партиясының жанындағы "Jastar ruhy" Жастар қанаты ұйымы

"AMANAT" партиясының жанындағы "Jastar ruhy" Жастар қанаты ұйымы

Нұрахметов Ерасыл Қанатұлы

Басшы

Нұрахметов Ерасыл Қанатұлы

Жастар рухы - "Amanat" партиясы жанындағы "Jastar ruhy" Жастар қанаты қоғамдық бірлестігі. 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «Жас Отан» ЖҚ Ы Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған.

Ұраны: "Жастар Отанға, Жастар рухы алға"

Жастар рухы ұйымының мақсаты Қазақстан республикасының жастарын жаңашылдыққа, білімділікке, біліктілікке баулу болып табылады.

Ұйымның міндеті:

Жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін және жауапты азаматтық ұстанымын, Республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;

Жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процестеріне тарту;Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу;

Жастардың саяси экономикалық, әлеуметтік және өзге де құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерге қатысу;

Жастар мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білім, зияткерлік және кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесу болып табылады.

+7 778 545 8296
shakarim_jastarruhy
"Конгресс" интеллектуалды дебат клубы

"Конгресс" интеллектуалды дебат клубы

Анварбеков Ислам Қызырұлы

Басшы

Анварбеков Ислам Қызырұлы

Ұйым 2000 жылы 30 қыркүйекте құрылған. Шығыс аймақтағы ең алғашқы жастар ұйымдарының бірі.

Мақсаттары мен міндеттері: Жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін анықтауға бағытталған студенттердің бастамаларына қолдау көрсету;

Пікір-сайыс қозғалысының дамуы; Жастарда белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру;

Жастардың жүрегінде патриотизм сезімін ояту мен оны әрі дамыту;

Белсенді жастарды қоғамдық қызметке теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дайындау;

Жастардың мәдени дамуы; Рухани құндылықтарды нығайту;

Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында насихаттау; Пікір-сайысшылардың ораторлық қасиетін қалыптастыру.

+7 706 676 5177
kongress_idc
Парасат интеллектуалды дебат клубы

Парасат интеллектуалды дебат клубы

Тұрымбекова Нұрай Хасенқызы

Басшы

Тұрымбекова Нұрай Хасенқызы

«Парасат» ИДК мақсаты: Дебат қозғалысын дамыту; толеранттылық пен өзгенің моральды құндылықтарын құрметтеуге ұмтылу; студенттердің жан-жақты болуына, ортаға сіңісуіне жағдай жасау; өзге де студенттік ұйымдармен, қазақ дебат қозғалысындағы мектеп және студенттік дебат клубтарымен интеграцияны дамыту;
жастардың белсенді азаматтық позициясын анықтауға көмектесіп, критикалық ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын ашық айтуға және эмоцианалды интеллектін жаттықтыруға көмек бере білу.
+7 707 002 4684
parasat_idc
Enactus

Enactus

Магавьянова Камила Асқарқызы

Басшы

Магавьянова Камила Асқарқызы

ENACTUS-студенттерді, бизнес көшбасшыларын және университеттерді біріктіретін халықаралық ұйым,ол адамдардың өмірін өзгерту және әлемді жақсырақ және тұрақты ету үшін кәсіпкерлік әрекеттердің күшін пайдалануды мақсат етеді. Enactus бағдарламасы студенттерге бизнестің нақты мәселелерін шешуде қолдана алатын білім, Дағдылар мен тәжірибе бере отырып, бизнес көшбасшылары мен жоғары оқу орындарының серіктестігін дамытудың үздіксіз процесін білдіреді. экономика. Бұл бағдарлама университеттік білімге қосымша болып табылады, өйткені ол теориялық білімді практикада қолдануға және практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде студенттер өздерінің білімі мен мақсаттарына үлкен құлшыныспен және жауапкершілікпен қарайды.

+7 702 574 7354
enaction_shakarim
"FORCE" би тобы

"FORCE" би тобы

Мейрам Аида Қуатбекқызы

Басшы

Мейрам Аида Қуатбекқызы

Би тобының мақсаты:

Би билеу дағдыларын дамыту: Оқушылардың би техникасын, үйлестіру мен мәнерлілігін жетілдіруге көмектесу.Шығармашылық көрініс: студенттерге би және хореография арқылы өз сезімдері мен идеяларын білдіруге мүмкіндік беру.
+7(747)718-87-20
force_entertainmentt
«Саналы ұрпақ» студенттер қауымдастығы

«Саналы ұрпақ» студенттер қауымдастығы

Оразғалиева Жанерке

Басшы

Оразғалиева Жанерке

Шәкәрім Университетінің студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортаны қалыптастыру

Негізгі функциялары: ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұйымдастыру, Шәкәрім атындағы университеттің Әдеп ережелерін сақтамау туралы ақпарат жинау, ішкі тәртіп ережелері бойынша қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға кеңес беру, бастамашылық және қатысу. ішкі Ереженің ережелерін бұзу туралы дауларды қарау.

+7 708 370 0151
sanalyurpaq_shakarim
"Sulumodels Shakarim" модельдік клубы

"Sulumodels Shakarim" модельдік клубы

Серікова Айару Серікқызы

Басшы

Серікова Айару Серікқызы

«Sulumodel» модельдік клубының мақсаты- студенттердің модельдік дағдыларын дамыту және университет ішіндегі іс-шараларда (награждение, қарсы алу, концерттер) кәсіби деңгейде қатысуға мүмкіндік беру. Клуб мүшелері подиумда өзін ұстау, стильді сақтау және шығармашылық қабілеттерін көрсету арқылы тәжірибе жинайды.

Клуб студенттердің өзіне сенімін арттыруға және сахна мәдениетін меңгеруге көмектеседі. Сондай-ақ, клуб ішкі іс-шараларды үйлестіру және ұйымдастыру дағдыларын дамытуды қолдайды. Клуб мүшелеріне сән мен модельдеу саласында қосымша білім мен тәжірибе алу мүмкіндігі беріледі.

+7 707 685 5435
sulumodel
«Шаңырақ» студенттік Ассамблеясы

«Шаңырақ» студенттік Ассамблеясы

Рысбек Айым Қайратқызы

Басшы

Рысбек Айым Қайратқызы

«Шаңырақ» студенттік Ассамблеясы – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі аясында 2024 жылы құрылған студенттік ұйым.

Негізгі мақсаты – студенттерді қоғамдық келісім, этносаралық гармония, мәдени әртүрлілік және мемлекеттік сәйкестілік құндылықтары төңірегінде біріктіру.

Ассамблея студенттерді қоғамдық және азаматтық белсенділікке тарту, патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік тілді насихаттау, тарихи-мәдени мұраны сақтау, экологиялық жобаларды жүзеге асыру, медиа сауаттылықты дамыту және әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру бағытында іс-шаралар өткізеді.

Ұйым түрлі этнос студенттері арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, патриоттық сезімдерді қалыптастыруға және студенттердің шығармашылық әрі интеллектуалды әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар, белсенді студенттерді анықтау және олардың идеяларын жүзеге асыруға методикалық және жобалық қолдау көрсету де басты міндеттердің бірі болып табылады.

+7 708 702 1007
shanyraq_shakarim
«IQ UP» Quiz клубы

«IQ UP» Quiz клубы

Ғазиз Елжас Қайратұлы

Басшы

Ғазиз Елжас Қайратұлы

«IQ UP» студенттік Quiz клубының негізгі мақсаты – студенттердің интеллектуалдық әлеуетін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және білімге деген қызығушылығын күшейту. Клуб түрлі форматтағы зияткерлік ойындар, квиздер мен танымдық шаралар арқылы студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, командамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді көздейді.

Сонымен бірге, клуб белсенді студенттер қауымдастығын қалыптастырып, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық және аналитикалық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік береді

+7 777 693 0420
iqup_quizclub
 «Оқырман» клубы

«Оқырман» клубы

Темірхан Айдана Ержанқызы

Басшы

Темірхан Айдана Ержанқызы

Клубтың мақсаты:

Клуб мүшелерінің классикалық әлем және қазақ әдебиеті, жаңа замандағы түрлі саладағы әдебиеттердің озық үлгілері, «100 кітап» жобасына енген әдебиеттер арқылы университет студенттері мен қызметкерлер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, нәтижесінде университет миссиясына сай «КЕМЕЛ ТҰЛҒА» және қоғамға ықпал етуші тұлға болуға бағыттау, клуб мүшелерінің мәдени-интеллектуалдық деңгейін жан-жақты дамытуға бағытталған ғылыми-әдеби, мәдени шараларды ұйымдастыру.

+7 771 352 7767
oqyrman_shakarim