"Sulumodels Shakarim" модельдік клубы
«Sulumodel» модельдік клубының мақсаты- студенттердің модельдік дағдыларын дамыту және университет ішіндегі іс-шараларда (награждение, қарсы алу, концерттер) кәсіби деңгейде қатысуға мүмкіндік беру. Клуб мүшелері подиумда өзін ұстау, стильді сақтау және шығармашылық қабілеттерін көрсету арқылы тәжірибе жинайды.
Клуб студенттердің өзіне сенімін арттыруға және сахна мәдениетін меңгеруге көмектеседі. Сондай-ақ, клуб ішкі іс-шараларды үйлестіру және ұйымдастыру дағдыларын дамытуды қолдайды. Клуб мүшелеріне сән мен модельдеу саласында қосымша білім мен тәжірибе алу мүмкіндігі беріледі.