Оспанова Динара Манаповна

Оспанова Динара Манаповна

Департамент директоры

Байланыс ақпараты

071400 Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 20 "А"
Офис: 403

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент

Негізгі қызметтері

  • Университеттің білім беру қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері нормаларының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету.

  • Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін, мамандарды дайындау сапасын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.

  • Университет миссиясына және стратегиялық жоспарға сәйкес бірыңғай академиялық саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу.

  • Құрылымдық бөлімшелердің оқу қызметін жоспарлау және болжау.

  • ЖОО жүзеге асыратын модульдік білім беру бағдарламаларын, элективті пәндер каталогын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру; білім берудің жаңа бағыттарын, білім беру бағдарламалары мен нысандарын енгізу жоспарларын дайындау мен іске асыруды қамтамасыз ету.

  • Оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; педагогикалық ұжымға инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруге және дамытуға көмектесу.

  • Оқу және ғылыми-әдістемелік құжаттаманы жаңарту.

  • Оқу үрдісінің сапасын қамтамасыз ету, оқытудың әдістемесі мен әдістерін жетілдіру, оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу.

  • Кәсіптік оқытуды, ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту бойынша сыртқы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

  • Оқыту процесін және оны басқаруды ақпараттандыру және цифрландыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

  • Жасалған және сатып алынған бағдарламалық өнімдерді оқу процесіне сараптауға және бейімдеуге қатысу.

  • Әдістемелік жұмыстың дәстүрлі бағыттарын нығайту және әдістемелік жұмыстың жаңа формаларын дамыту.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент құрамына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді:

  • ББ жобалау және әдістемелік сүймелдеу бөлімі

  • Оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімі

  • Мансап және практика бөлімі