Университет туралы

Шәкәрім Университеті

Шәкәрім Университет – бұл Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағының заманауи оқу-әдістемелік, ғылыми және мәдени орталығы.

Шәкәрім Университет – бұл педагогикалық, мал шаруашылығы-ветеринарлық, қаржы-экономикалық және технологиялық институттар базасында құрылған жоғары оқу орны.

Шәкәрім Университет – бұл бай жұмыс тәжірибесі бар көппрофильді жоғары оқу орны.

Шәкәрім Университет – 5 факультетте 45 бакалавриат білім беру бағдарламасы, 37 магистратура ББ және 10 PhD докторантура ББ бойынша шамамен 7 мың студент, магистрант және докторант оқиды.

Шәкәрім Университет – бұл 971 оқытушы және қызметкерден тұратын, оның ішінде 28 ғылым докторы мен профессор, 155 ғылым кандидаты мен доцент, 181 магистрден тұратын сұранысқа ие жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам.

Шәкәрім Университет – 2004 жылдан бастап кредиттік оқыту технологиясы енгізілген. 2009 жылдан бастап қашықтықтан білім беру технологиялары (ҚБТ) негізінде оқыту жүзеге асырылуда.

Шәкәрім Университет – бұл сапалы оқу-әдістемелік және күшті материалдық-техникалық база. 12 оқу корпусы, заманауи жабдықтармен жарақталған оқу және ғылыми зертханалар мен шеберханалар, бай кітап қорымен (700 мыңнан астам кітап) ғылыми кітапхана, медиатека және оқу залы, компьютерлік саябақ (1300-ден астам компьютер), бассейн және 2 жаттығу залы, арнайы жарақталған футбол алаңы бар 2 спорт кешені, 1 спорт залы, емдеу-алдын алу жабдықтарымен медициналық орталық, Студенттер үйі, пәтер типті жатақханалар бар.

Шәкәрім Университет – университеттің 70 ғалымы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болып табылады.

Шәкәрім Университет – бұл кең халықаралық байланыстары бар ірі жоғары оқу орны. АҚШ, Қытай, Моңғолия, Германия, Нидерланды, Ұлыбритания, Жапония, Түркия, Чехия, Словения, Польша, Ресей, Беларусь Республикасы, Украина және Балтық жағалауы елдерінің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жасайды. Беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады.