Лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды (АУП)
Опубликовано: 20.09.2022
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды:
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты Департаментінің директоры
Ғылыми қызметті басқару бөлімінің басшысы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының басшысы
Оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы
Тіркеу офисінің басшысы
Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы
Кәсіптік бағдар беру және қабылдау комиссиясы бөлімінің басшысы
Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің басшысы
Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы
Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының басшысы
Білім сапасын бақылау орталығының басшысы
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының басшысы
Әлеуметтік мониторинг және болжау орталығының басшысы
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшылық қызметтерде кемінде 3 жыл еңбек өтілі немесе бейін бойынша жалпы жұмыс өтілі кемінде 7 жыл. Біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау курсынан өткені туралы сертификатының болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- конкурсқа қатысуға өтініш;
- кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
- өмірбаян;
- жеке куәлік көшірмесі;
- жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже, ғылыми атағы туралы (бар болса) дипломдардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары);
- қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
- жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- соңғы 3 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
- №075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Құқықтық статистика комитеті беретін есептер және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
Қосымша шарттар: құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымдарына үміткерлер құрылымдық бөлімшенің үш жылға арналған стратегиялық даму жоспарының презентациясын ұсынуы тиіс.
Өтініштерді беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 071412, Абай облысы, Семей қ., Глинка к-сі 20А, 307 каб (персоналды басқару және құжат айналымы бөлімі) анықтама телефоны: 8 (7222) 31-31-72, 87079931301
20.09.2022ж.- 29.09.2022ж. аралықта құжаттар мен өтініштер қабылданады