Лауазымдық бос орындарға конкурс 18.10.2022

Опубликовано: 19.10.2022

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды:

Гуманитарлық–экономикалық факультетінің деканы                                                       - 1 бірлік

Ветеринария және агроменеджмент факультетінің деканы                                                         - 1 бірлік

Инженерлік–технологиялық факультетінің деканы                                                                      - 1 бірлік

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесінің болуы, білім беру ұйымдарында басшылық қызметтерде немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл еңбек өтілі. Білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы

 

Тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі                                                                 - 1 бірлік

Музыка және өнер кафедрасының меңгерушісі                                                                - 1 бірлік

Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының меңгерушісі                                         - 1 бірлік

Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі                                                           - 1 бірлік

Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі                             - 1 бірлік

Ветеринария кафедрасының меңгерушісі                                                                         -1 бірлік

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми немесе академиялық дәрежесінің (магистр) болуы, білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда немесе ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл, біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау  курсынан өткені туралы сертификатының болуы.

 

Педагогика және психология кафедрасының профессоры                                                           - 1 бірлік

            Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, профессор ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағының болуы, ЖОО-да ғылыми және (немесе)

ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 10 жыл.

 

Физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасының аға оқытушысы     -1бірлік

Автоматтандыру, АТ  және қала құрылысы кафедрасының аға оқытушысы                  - 1 бірлік

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде үш жыл немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі (қызмет бейіні) кемінде 5 жыл.

 

Бухгалтерлік есеп  және жоспарлау  бөлімінің бас бухгалтері                                        - 1 бірлік

«Агротехнопарк» ғылыми орталығының басшысы                                                           - 1 бірлік

Халықаралық ынтымақтастық орталығының басшысы                                                    - 1 бірлік

Ғылыми кітапхананың меңгерушісі                                                                                   - 1 бірлік

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшылық қызметтерде кемінде 3 жыл еңбек өтілі  немесе бейін бойынша жалпы жұмыс өтілі кемінде 7 жыл. Біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау  курсынан өткені туралы сертификатының болуы.

Конкурсқа қатысу үшін  қажетті құжаттар тізімі:

-  конкурсқа қатысуға өтініш;

- кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

- өмірбаян;

- жеке куәлік көшірмесі;

- жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже, ғылыми атағы туралы (бар болса) дипломдардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары);

- қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);

- жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

- соңғы 3 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);

-  соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

- №075-у  нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

- тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Құқықтық статистика комитеті беретін есептер және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

Қосымша шарттар: құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымдарына үміткерлер құрылымдық бөлімшенің үш жылға арналған стратегиялық даму жоспарының презентациясын ұсынуы тиіс.

Өтініштерді беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 071412, Абай облысы, Семей қ., Глинка к-сі 20А, 307 каб (персоналды басқару және құжат айналымы бөлімі) анықтама телефоны: 8 (7222) 31-31-72, 87079931301

18.10.2022ж.- 28.10.2022ж.  аралықта құжаттар мен өтініштер қабылданады

Өтініш үлгісі