Лауазымдық бос орындарға конкурс 02.02.2023
Опубликовано: 02.02.2023
« Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды:
Гуманитарлық–экономика факультетінің деканы 1 бірлік
Жаратылыстану-математика факультетінің деканы 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің болуы және (немесе) үміткер халықаралық «Болашак» бағдарламасының түлегі болуы, білім беру ұйымдарында басшылық қызметтерде немесе мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру өткені туралы сертификатының болуы.
Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының меңгерушісі 1 бірлік
Химиялық технология және экология кафедрасының меңгерушісі 1 бірлік
Ауылшаруашылығы және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі 1 бірлік
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі 1 бірлік
Музыка және өнер кафедрасының меңгерушісі 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру өткені туралы сертификатының болуы.
Ақпараттық технологиялар орталығының басшысы 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, қызмет саласында жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл. Біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау курсынан өткені туралы сертификатының болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- конкурсқа қатысуға өтініш;
- кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
- өмірбаян;
- жеке куәлік көшірмесі;
- жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже, ғылыми атағы туралы (бар болса) дипломдардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары);
- қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
- жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- соңғы 3 (үш) жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
- №075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Құқықтық статистика комитеті беретін есептер және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
Қосымша шарттар: үміткерлер факультеттің (кафедраның) және құрылым бөлімшенің 3 (үш) жылға арналған стратегиялық даму жоспарының презентациясын ұсынуы тиіс.
Өтініштерді беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 071412, Абай облысы, Семей қ., Глинка к-сі 20А, 307 каб (персоналды басқару және құжат айналымы бөлімі). Анықтама телефоны: 8 (7222) 31-31-72, 87079931301
02.02.2023ж.- 11.02.2023ж. аралықта құжаттар мен өтініштер қабылданады.