Лауазымдық бос орынға конкурс жариялау 17.07.2023
Опубликовано: 19.07.2023
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орынға конкурс жариялайды:
Басқарма Аппаратының басшысы - 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік білім және ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе кәсіби қызмет бағыты бойынша ұйымдардағы жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- конкурсқа қатысуға өтініш;
- кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
- өмірбаян;
- жеке куәлік көшірмесі;
- жоғары білім, академиялық не/немес ғылыми дәреже, ғылыми атағы туралы (бар болса) дипломдардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары);
- қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
- жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- соңғы 3 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
- №075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Құқықтық статистика комитеті беретін есептер және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
Қосымша шарттар: Үміткер үш жылға арналған стратегиялық даму жоспарының презентациясын ұсынуы тиіс.
Өтініштерді беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 071412, Абай облысы, Семей қ., Глинка к-сі 20А, 307 каб (персоналды басқару және құжат айналымы бөлімі) анықтама телефоны: 8 (7222) 31-31-72, 87079931301