Лауазымдық бос орынға конкурс жариялау 16.08.2023
Опубликовано: 16.08.2023
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды:
Тарих мұғалімі 1 бірлік
Физика мұғалімі 1 бірлік
Информатика мұғалімі 1 бірлік
Алгебра және геометрия мұғалімі 1 бірлік
Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі 1 бірлік
Химия және биология мұғалімі 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі, педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы, «педагог-модератор» және (немесе) «педагог-сарапшы» және (немесе) «педагог-зерттеуші» біліктілік санатының болуы, педагогтердің білімін бағалаудан өткені туралы сертификаттың болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- конкурсқа қатысуға өтініш;
- кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
- өмірбаян;
- жеке куәлік көшірмесі;
- жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже (бар болса), ғылыми атағы туралы (бар болса) дипломдардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары);
- қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
- жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
- №075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Құқықтық статистика комитеті беретін есептер және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
Өтініштерді беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде (2023 жылғы 16 тамыздан бастап 2023 жылғы 25 тамызды қоса алғанда).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 071412, Абай облысы, Семей қ., Глинка к-сі 20А, 307 каб (персоналды басқару және құжат айналымы бөлімі)
Анықтама телефоны: 87778038088, 87079931301