Лауазымдық бос орынға конкурс жариялау 27.10.2023

Опубликовано: 27.10.2023

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма мүшесі - Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурсқа қатысқанға мына тұлғалар жіберілмейді:

 1) жиырма бес жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

 3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрған;

5) Қазақстан Республика заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар мынадай құжаттарды қағаз және электрондық жеткізгіште ұсынады:

 1) белгіленген үлгідегі  өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Белгіленген үлгідегі көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері:

 - шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халық арасындағы шарттың (Келісімнің) қолданысына түсетіндер;

- «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

- өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі.

5) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;

6) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген есепте жоқ екендігі туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) Наркологиялық ұйымнан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген есепте жоқ екендігі туралы анықтама;

10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

 Конкурсқа қатысушылар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жүзеге асырылады.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ корпоративтік хатшысына тапсыру қажет.  071412, Семей қ., Глинка к-сі, 20а, каб. 307, қызмет.тел.: 8 (7222) 31-31-72, ұялы.тел: 87079931301

27.10.2023ж.- 05.11.2023ж.  аралықта құжаттар мен өтініштер қабылданады.

 

Өтініш