Лауазымдық бос орынға конкурс жариялау 22.08.2024ж. (Комплаенс)

Опубликовано: 22.08.2024

   «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» Коммерциялық емес

акционерлік қоғамы лауазымдық бос орынға конкурс жариялайды:

Комплаенс қызметінің басшысы                                                                                      - 1 бірлік

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1. жоғары кәсіптік білім (заң, инженерлік-экономикалық, қаржы-экономикалық); 

2. мамандығы бойынша  жұмыс өтілі - кемінде 5 жыл;

3. аффилиирленген тұлға болмауы  

Конкурсқа қатысу үшін  қажетті құжаттар тізімі:

• конкурсқа қатысуға өтініш;

• кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

• өмірбаян;

• жеке куәлік көшірмесі;

• жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже, ғылыми атағы туралы (бар болса) дипломдардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары);

• қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);

•жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

• соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

• құжаттарды тапсыру күніне дейін 6 айдан аспайтын мерзімде берілген №075-у  нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

• тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Құқықтық статистика комитеті беретін есептер және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

• конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

• конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

Өтініштерді беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 071412, Абай обласы, Семей қ., Глинка к-сі 20А, (корпоративтік хатшы). Анықтама телефоны:

8(7222)31-31-72