Әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымдарына орналасуға конкурс 10.06.2025

Опубликовано: 10.06.2025

«Шәкәрім университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды:

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе және жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшылық қызметтерде кемінде 3 жыл еңбек өтілі немесе бейін бойынша жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау курсынан өткені туралы сертификатының болуы.

 

  1. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры – 1 бірлік
  2. Білім беру бағдарламаларын жобалау және әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы – 1 бірлік
  3. Оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімінің басшысы – 1 бірлік
  4. Мансап және практика бөлімінің басшысы – 1 бірлік
  5. Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының басшысы – 1 бірлік
  6. Тіркеу офисінің басшысы – 1 бірлік
  7. Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры – 1 бірлік
  8. Киберқауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы – 1 бірлік
  9. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру орталығының басшысы – 1 бірлік
  10. Ғылыми-редакциялық бөлімінің басшысы – 1 бірлік
  11. Халықаралық ынтымақтастық орталығының басшысы – 1 бірлік
  12. Innovation Hub басшысы – 1 бірлік
  13. Shakarim Lab директоры – 1 бірлік
  14. Инжиниринг орталығының басшысы – 1 бірлік
  15. Стратегиялық жоспарлау және сапа менеджменті орталығының басшысы – 1 бірлік
  16. Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы – 1 бірлік
  17. Маркетинг және кәсіптік бағдар беру орталығының басшысы – 1 бірлік
  18. Социологиялық талдау орталығының басшысы – 1 бірлік
  19. Психологиялық қолдау қызметінің басшысы – 1 бірлік
  20. Спорт клубының директоры – 1 бірлік
  21. Аппарат басшысы – 1 бірлік
  22. Қаржы департаментінің директоры – 1 бірлік
  23. Экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы – 1 бірлік
  24. Бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы – 1 бірлік
  25. Персоналды дамытуды сүйемелдеу бөлімінің басшысы – 1 бірлік
  26. Заң бөлімінің басшысы – 1 бірлік
  27. Инфрақұрылымды басқару департаментінің директоры – 1 бірлік
  28. Ахуалдық басқару бөлімінің басшысы – 1 бірлік
  29. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры – 1 бірлік

 

        Хабарландыру жарияланған мерзімде «Шәкәрім университеті» КеАҚ қызметкерлері болып табылатын тұлғалар конкурсқа қатысу үшін Басқарма төрағасы – Ректор атына нысан бойынша өтініш (үлгі бойынша - https://shakarim.edu.kz/storage/upload/editor/vacancy/2025-obrazetczayavleniyakaz.docx) береді және қызметтік тізім (үлгі бойынша - https://shakarim.edu.kz/storage/upload/editor/vacancy/TIZIM-KAZ.docx) ұсынады.

              

               «Шәкәрім университеті» КеАҚ қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:

  • Басқарма төрағасы –Ректор атына нысан бойынша өтініш (үлгі бойынша - https://shakarim.edu.kz/storage/upload/editor/vacancy/2025-obrazetczayavleniyakaz.docx);
  • Жеке іс парағы;
  • Өмірбаяны;
  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • Білімі туралы дипломдары, академиялық және ғылыми дәреже туралы (бар болса) дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжаттар және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • Жұмыс орны бойынша (қазіргі уақыттағы не соңғы) кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
  • №075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
  • Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есептер бойынша мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • Конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы психо- неврологиялық ұйымнан анықтама.

 

Қосымша шарттар: құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымдарына үміткерлер құрылымдық бөлімшенің үш жылға арналған стратегиялық даму жоспарын ұсынуы тиіс.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде. (10.06.2025 ж.- 19.06.2025 ж.)

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: F17P8F7, Абай облысы, Семей қ., Глинка к-сі 20А, 307 каб. (персоналды дамытуды сүйемелдеу бөлімі) анықтама телефоны: 8 (7222) 31-31-72, 8 777 227 09 85