event
07 сәуір 2023

DARYN FEST

2023 жылдың 7 сәуір күні Шәкәрім университетінде «DARYN FEST» Абай облысы дарынды түлектерінің алғашқы форумы өтеді.

Форумның басты мақсаты – Абай облысының зияткерлік элитасын қалыптастыру, дарынды түлектерді анықтау, қолдау және өңірге қызмет ету идеясын тарату.
Форум барысында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Емелбаев Руслан Тоқтарбекұлымен, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Tik-Tok пен Instagram желілеріне химия пәнінен аниме стильмен шағын видеосабақ түсіріп, елге танымал болған Ұлан Үсеновпен кездесу жоспарланды.
Жиын барысында табысты тұлғалардың дәрісі, «Ғылым және инновациялар» көрмесі, Студенттік ұйымдардың презентациялары, ҰБТ-дағы бейіндік пәндер бойынша шеберлік сыныптары, интеллектуалды ойын «Shakarim Quiz», дарындылар шеруі өткізіледі.