Құрметті түлектер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар, әріптестер, серіктестер!
Бүгінгі күн – ерекше күн. Бұл күн таңдаудың, өсу мен есеюдің, тынымсыз ізденістің, еткен еңбек, төккен тердің барлығын бір ортақ нүктеге тоғыстырады – ол жаңа өмір кезеңінің бастауы.
Shakarim University мен біздің колледжімізден 2600-ден астам түлек диплом алып отыр. Университет...
Шәкәрім университеті «Өнер» кафедрасының меңгерушісі Берікбол Рахат Рахметоллаұлы 8D014 – Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтерді даярлау бағыты (6D010700 – Бейнелеу өнері және сызу / 8D01416 – Көркем білім, графика және жобалау) бойынша PhD ғылыми дәрежесін алу мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Диссертациялық кеңесте «Графика өнері туындылары арқылы болашақ мамандардың этнокөркем...
Тараз қаласында өтіп жатқан дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының жастар арасындағы IV чемпионатында 70 метрлік "Пута" нысанасы бойынша Шәкәрім университетінің Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Темірлан Түсіпханов жеңіс тұғырынан көрініп, оқу орнының абыройын асқақтатты. Осылайша, студентіміз садақ атудан спорт шебері атанып, ҚР Ұлттық құрамасына қабылданды.
...
Құрметті Абай облысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздан – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын жаңалықтар ағынынан қоғамдық сана, диалог мәдениеті мен азаматтық жауапкершілік қалыптасады. Қарқынды өзгерістер дәуірінде Сіздер ақпараттық кеңістіктің тұрақтылығын сақтап, күрделі үдерістерді қоғамның...
Бүгін Шәкәрім жоғары колледжінің бітіруші түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті. Түлектер өміріндегі ең маңызды күнге арналған ауқымды іс-шараға жастардың ата-аналары мен білім берген ұстаздары, оқу орнымен серіктес мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Салтанатты кештің шымылдығын ашқан Shakarim Higher College директоры Тоты Әбдікәрімова үлкен өмірге жолдама алып отырған түлектеріне...
Шәкәрім университетінің өкілдері мен «Елімай» футбол клубының басшылығы әріптестік орнату мәселесіне арналған кездесу өткізді. Бұл кездесу аймақтың спорттық әлеуетін арттыру, жастар мен балалар спортын дамыту және кәсіби мамандар даярлау бағытындағы маңызды қадамдардың бірі деуге болады.
Университет тарапынан кездесуге Шәкәрім университетінің Стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов,...
Маусымның 22-23 күндері Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен қызметкерлерінің Абай облысына танымдық сапары өтті. Сөйтіп, Шыңғыстаудың үш шыңы – Абай, Шәкәрім, Мұхтардай үш алыптың есімдерін еншілеген үш оқу орнының ұландары Ұлылар мекенінде бас қосты.
...
Бүгін Шәкәрім университетінде Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Ердембекұлы Тілешовтің «Абайдың шығармашылық танымы» тақырыбындағы ашық дәрісі өтті. Университет ректоры Думан Орынбеков жиналған қауымға ғалымды таныстырып, сөз тізгінін құрметті қонаққа ұсынды.
Дәріс барысында Ербол Ердембекұлы Абайдың таным дүниесіне, әдебиеттегі орнына,...
2025 жылғы 20 маусымда Шәкәрім университетінде ф.-м. ғ. к., қауымдастырылған профессор Оралтай Мұратханұлы Жолымбаевтың 60 жылдық мерейтойына орай «Білім берудегі пәнаралық тәсіл: ғылымдар тоғысында пәнаралық оқыту мен жобалық әдістердің мүмкіндіктерін зерттеу» тақырыбындағы республикалық деңгейдегі әдістемелік семинар өтті.
Семинарға еліміздің жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен тәжірибелі педагогтері қатысты....
"Шәкәрім университеті" КЕАҚ жанындағы Shakarim High School мектебінде бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты өтті.
2024-2025 оқу жылын үлкен жетістіктермен аяқтап, биыл екінші рет түлектерін ұядан ұшырып отырған жас білім ошағы – Shakarim High School мектебінің 77 түлегі үлкен өмірге қадам басып отыр. 7 оқушы мектепті «Үздік аттестатпен» тәмамдаса, 6...