Жаңадан құрылған Абай облысын білікті кадрлармен қамтамасыз ету жергілікті оқу орнының басты міндеті. Осы орайда, Shakarim University «Сәулет және құрылыс» бағытындағы білім беру бағдарламалары сол міндеттерді тиімді іске асыруда.
«Құрылыс» және «Геодезия және картография» білім беру бағдарламалары Семей қаласындағы ірі өндіріс кәсіпорындарымен бірлесіп, дуалды білім беру, сондай-ақ тәжірибесі мықты өндірістен...
Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Шәкәрім университетінің Ардагерлер кеңесімен кездесті.
Ең алдымен облыс әкімі өңірді өркендету бағытында Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмалары төңірегінде ой өрбітті. Сол мақсаттарға қол жеткізу үшін межеленіп отырған жүйелі жоспарларына да қысқаша тоқталды. Сонымен бірге жаңа саяси өзгерістерге сай халықпен пікірлесіп, ардагерлермен ақылдаса отырып жұмыс істеудің...
Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Шәкәрім университетінің 90 жылдық мерейтойына орай білім ордасының бүгінгі тынысымен танысты. Әкім заманауи зертханалар мен ғылыми орталықтарды аралап, университеттің ғылыми-техникалық базасына ерекше қызығушылық танытты.
Сапар барысында әкім университетте жүзеге асырылып жатқан бірқатар ғылыми жобалар мен жетістіктерді көрді. Нұрлан Телманұлы алдымен «Радиоэкологиялық зерттеулер» ғылыми орталығында...
Бүгін Шәкәрім университетінде Абай облысының Әділет департаменті «Әділет кеңес береді» акциясы аясында Shakarim University студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуге Абай облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімнің бас маманы Мақсат Исаханов, Абай облысының нотариаттық округінің нотариусы Дияра Абдрахманова, Абай облысының заң кеңесшілер палатасының заң кеңесшісі Фарид...
Бүгін Шәкәрім Университетінің Психологиялық қызметі "Психология" кафедрасымен бірлесіп "Күйзелісті басқару. Менің оқуға қажетті ресурстарым" тақырыбында Гуманитарлық-экономика факультетінің 1-курс студенттеріне психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты күйзеліс психологиясының негіздерімен теориялық тұрғыдан танысу ғана емес, сонымен қатар күйзелісті басқару тәсілдерін қалыптастыру, эмоционалдық интеллектіні дамыту болып табылады. Сондай-ақ стресстік жағдайда өзін-өзі реттеудің...
Университеттегі оқу сапасын сырттай бағалау маңызды рөл атқаратыны мәлім. Осы орайда, бәріміз «Атамекен» ҰКП рейтингі нәтижелерін асыға күтеміз, себебі бұл рейтинг жоғары сапалы оқыту мен түлектердің еңбек нарығы сұранысының айғағы болып табылады.
2023 жылғы «Атамекен» ҰКП рейтингінің нәтижелері бойынша Shakarim University 38 ББ-ның 21-і республика бойынша ТОП-10-ға енгенін хабарлағымыз келеді....
Қазіргі таңда Shakarim University ғалымдары Kafkas University (Түркия) ғылыми тағылымдамадан өтуде. Бұл университет үшін ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауға ерекше басымдық береді. Абай өңірі жер ресурстарына мол және ауыл шаруашылығында орасан зор әлеуеті бар болғандықтан, бұл кафедра университетте маңызды рөл атқарады.
«Негізгі мақсат - мал шаруашылығы саласындағы жетістіктермен және жұмыстармен таныстыру,...
Бүгін Шәкәрім университетінде «Оқытушының рөлін трансформациялау: педагог, ғалым, модератор» қысқы мектеп бағдарламасы аясында барлық факультеттерде «Факультет күні» өткізілуде.
Осы орайда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалының директоры Әсет Абжақов профессорлық-оқытушылар құрамына «ҚР мемлекеттік қызметтің жай-күйі мен даму болашағы» тақырыбында баяндама жасады.
Мемлекеттік қызметтің бүгінгі...
Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бағытын одан әрі дамыту үшін Мемлекет басшысы бірқатар бастамаларды қабылдады.
Бұл бастамалар өңірдің дамуында елеулі рөл атқаруда. Әсіресе жаңадан құрылған Абай облысында мемлекеттік қызметте жастар легінің ағылуы байқалуда. Осы ретте, Shakarim University мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол...
Бүгін Шәкәрім университетінде Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен «Оқытушының рөлін трансформациялау: педагог, ғалым, модератор» атты қысқы мектеп өз жұмысын бастады.
Сапаны қамтамасыз етуде ішкі процестерді ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға ПОҚ, кафедра меңгерушілері және факультет декандары қатысты.
Шараның алғашқы күні қызметтің негізгі...