«Таза Қазақстан – бұл бір реттік акция емес, бұл – ұрпақ алдындағы борыш».
Shakarim University-дің экологиялық миссиясының жаңа парағы дәл осы сөздермен ашылды.
Бүгін, 5 сәуірде, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің үндеуімен университеттің 700-ден астам қызметкері сенбілікке шығып, өздерінің оқу-өндірістік және зертханалық базаларының аумағын тазартты.
Дегенмен, Агробиозертхана...
Театр, ғылым және технология — Шәкәрім университетінің бір платформасы.
1-2 сәуірде Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Республикалық студенттік театрлар фестивалі өтті. Жарқын, шығармашыл да талантты жастар труппалары бір сахнада тоғысып, әрқайсысы өзінің театрлық мектебін, сахна өнеріне деген көзқарасын паш етті. Шәкәрім университетінің «Қарагөз» студенттер театры бұл жолы...
2025 жылдың 2 сәуірінде Shakarim University-де Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша «Тәрбиелік жұмыстың концепциясын жүзеге асыру: жастар саясаты мен студенттік өзін-өзі басқару» тақырыбында университеттің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов баяндады. Талқылау барысында «Әлеуметтік кредит» пен «Интегралды GPA» жүйелерінің...
2025 жылғы 2 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Шәкәрім университеті Педагогикалық зерттеулер ғылыми орталығының басшысы О.М. Жолымбаевтың "Әлемдік және отандық тәжірибедегі кілт сөздерді зерделеу негізінде педагогикалық зерттеулердің трендтері мен үрдістерін анықтау" тақырыбындағы ғылыми баяндамасы өтті.
Баяндама механика және математика факультетінде өткізіліп, ғылыми қауымдастықтың, докторанттардың, жас зерттеушілер мен оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудырды....
29 наурыз Shakarim University-дің оқу-өндірістік базасында командалар арасындағы тартысты сайыстың қызған күні болды. Қатысушылар бас ғимаратқа жинала бастаған кезден бастап бір-біріне жылы қабақ танытып, жарқын жүзбен жарқырай жүздесіп жатты. Көп ұзамай жаңа орынға қарай жолға шықты.
Алдымен командалық иммунитетті қалыптастыру тренингі өтті. Жүргізушінің алғашқы сөздерінен-ақ бұл басқосуда арқаны кеңге салатын демалыс...
“Қазақстан студенттерінің Альянсы” ұйымының ұйымдастыруымен «Шәкәрім аруы-2025» арулар байқауы өткізілді. Байқауда университеттің Жоғары және Зерттеу мектептерінің алты аруы бақ сынады.
Сұлулық байқауының шымылдығын ашқан Shakarim University Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы Арайлым Оразғалиева қарагөз қыздарымызға үлкен сенім артатынын жеткізді. «Қыз бала – елдің болашағы, ұлттың ұйытқысы.Сондықтан аруларымыз...
Shakarim University ұлттық білім, ғылым және өндіріс жүйесіне озық халықаралық стандарттарды енгізуге қабілетті әлемдік сертификаттау қауымдастығының ресми өкілі бар Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орны атанды.
Стратегиялық серпіліс университетке сертификаттаудың, ғылыми зерттеулердің және озық технологиялардың жаһандық нарықтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Шәкәрім университетінің интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректоры Ерасыл Дулатбай...
Бүгін ректор Думан Орынбеков бастаған Shakarim University өкілдері Сиань көлік университетінің (Xi’an Jiaotong University) Ұлттық технологиялар трансферті (National Technology Transfer Center) орталығымен танысты. Жұмыс барысында екі жақты ынтымақтастық туралы алдын-ала келіссөздер жүргізіліп, келесі айда келісімшартқа қол қою жоспарланды.
Қытай тарапынан кездесуге Ұлттық технологиялар трансферті орталығының директоры Ван Вэнь, Вэйнань...
Shakarim University студенттері Қытай Халық Республикасының жетекші аграрлық университетінде білім алу және ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша бірегей мүмкіндіктерге ие болады.
Shakarim University білім мен ғылымның шекарасын кеңейте отырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда. Қазақстан Президентінің Ғылым және жоғары білім саласында Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі стратегиялық бастамасы аясында бүгін, 24...
НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ, ЖАҢҒЫРУ МЕРЕКЕСІ
Құрметті әріптестер, құрметті студенттер қауымы!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі – жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс-берекенің арқауы, тек адамзаттың ғана емес, табиғаттың да жаңарып, бойы түзейтін керемет бір кербез шағы.
Егер табиғат өз заңдылықтары бойынша жаңарса, қоғам мұны адамдар арқылы,...