Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі20 шілде 2024переводчик

Marzia: АУДАРМАШЫ БОЛҒЫМ КЕЛЕД

Marzia есімді талапкеріміз ҰБТ-дан дүниежүзі тарихы - шет тілі бейіндік пәндерін таңдап,  В036 - «АУДАРМА ІСІ» мамандығына оқуға түскісі келеді.

Неліктен аудармашы болғыңыз келеді деген сұраққа Мarzia:

«Аударма — бұл тек сөздерді бір тілден екінші тілге аудару ғана емес, мәдениетті, дәстүрлерді және адамзаттың ойлау тәсілдерін де түсіну мен жеткізу. Аудармашы болу — менің арманым. Бұл мамандық арқылы мен әлемді тануға, түрлі мәдениеттермен танысуға, және адамдар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік аламын», - дейді болашақта мықты маман иесі атанғысы келетін талапкеріміз.

Иә, Мarzia  айтпақшы, аударма — шығармашылық пен аналитиканың тамаша үйлесімі. Аудармашы ретінде  әдеби шығармаларды, ғылыми мақалаларды, техникалық құжаттарды және тіпті көркем фильмдерді аудару арқылы әр түрлі тілдердегі идеяларды, сезімдерді  жеткізе аласыз.

Осылайша, аудармашы мамандығының перспективасы жарқын әрі мол мүмкіндікке толы. Бұл әлемнің әр түкпіріндегі жаңа идеялар мен ойларды алмасуға септігін тигізетін маңызды қызмет. Жаһандану мен мәдени дамудың жылдам қарқыны аудармашыларға жаңа мүмкіндіктер мен міндеттер жүктей отырып, олардың рөлін бұрынғыдан да жоғары бағалауға мүмкіндік берген болатын.

Асқақ арманына жету жолында Мarzia қызымыз SHAKARIM UNIVERSITY-де білім алуды жоспарлап отыр. Себебі, SHAKARIM UNIVERSITY - ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман мен кемел тұлғаны қалыптастыруды мақсат еткен, Абай облысындағы №1 ЖОО.