Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 наурыз 2022филармония дуальное образование меморандум

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘМРЕ ҚАШАУБАЕВ АТЫНДАҒЫ ФИЛАРМОНИЯДА

Музыкалық білім беру және өнер, мәдениет қызмет саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында университет басшылығы Шығыс Қазақстан облысының Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясына жұмыс сапарыме       н барып қайтты.

Сапар барысында тараптар интеграцияланған оқу жоспарлары, дуалды оқыту жүйесі, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.  

Алғы сөз университет басшысы Б.Ердембековке берілді. Бауыржан Аманкелдіұлы өз сөзінде ұлттық руханияттың маңызына тоқталып, руханият дамымай еліміздің экономикасы дамымайтындығын айтып өтті. Филармониямен бірлесе отырып республика, облыс және қала көлемінде мәдени шаралар, семинар және фестивальдар ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен қатар, білім ордасына практик мамандарды тарту мәселесі жүргізіліп келе жатқандығын тілге тиек етті.

Кездесуде Шәкәрім университетінің басшысы Б.Ердембеков пен Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры А.Бекбосынов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар ерте кәсіптік бағдарлау жүйесін дамытуға және «ЖОО-Кәсіпорын» білім беру кластерінің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесе алады.