Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі16 шілде 2024nwa&f университі мен шәкәрім университеті

Шәкәрім университетінде Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің ресми делегациясымен кездесу өтті

Делегация құрамында Ауыл шаруашылығы колледжі, Northwest A&F  университетінің профессоры ХАНЬ ЧИНФАН, Ветеринарлық медицина колледжі, Northwest A&F профессоры ВАН ЧЭНБАО, Сиань ХЭТУ Сауда Компаниясы Бас директоры – МА ДУНЦЗЫ, Бас директорының орынбасарлары  – ЯН БО және ЛИ ЧАНЪЕ болды.

Кездесудің мақсаты – Агробиолаборатория оқу-тәжірибе базасында «Шетелдік селекцияның бидай және рапс сорттарының бейімделу қасиеттерін зерттеу ерекшеліктері» ғылыми жобасы аясында бидай мен рапстың тұқымдарын егу жұмыстары жайында.

Еске сала кетейік,  2023 жылдың күз айынан бастап Шәкәрім университеті мен Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің арасында әріптестік қарым-қатынас орнатылған болатын.

Агробиолаборатория – 70 жылдан астам берi жұмыс істеп келе жатқан университеттің оқу- тәжірибелік базасы. Тәжірибе алаңында отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді рапс пен бидай өсірудің жаңа технологиясын өңірге бейімдеуді және айналымға енгізуге мүдделі.

Келісімшарт аясында Қытайда қолданылатын  инновацияларды Қазақстанда пайдалану, мамандар мен студенттердің білім алмасуы, биотехнология, экология, ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша бірлескен зерттеулер жүргізіліп, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сұрыптарын өсіру секілді бірнеше ұсыныстар қарастырылды.

Тараптар аталған ұсыныстардың ауыл шаруашылығы саласында NWA&F университі мен Шәкәрім университеті ынтымақтастығын жаңа деңгейде көтеретіндігіне сенім білдірді.