Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі28 қараша 2023театр

АХМЕТТІҢ АМАНАТЫ немесе ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ БЕЙНЕСІ

Бүгін Басқарма төрағасы Думан Орынбековтың бастамасымен білім ордасының құрылымдық бөлім басшылары мен профессор-оқытушылар құрамы Абай театрының қойылымын тамашалады.

Қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған театр “Ахметтің аманаты” драмасында ұлт ұстазы, Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсыновтың әділдік жолында құрбан болғаны суреттеледі. Осыдан 100 жыл бұрын құрылған Алашорда арманының бүгінгі көрінісі – Тәуелсіз Қазақстан. Ал осы Тәуелсіз Қазақстан сол арыстардың бізге қалдырған аманаты.

Драманы тамашалаған университет басшысы Думан Рымғалиұлы театр қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, ықылас гүлін тарту етті.

Қызметкерлерді рухани-эстетикалық тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара - ұжым мүшелерінің көңілінен шықты. Шәкәрімдіктердің театрға экспедициялық күндері алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.