Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 қаңтар 2023құттықтаймыз, шәкәрімдіктер, жас спортшылар, қазақ күресі

БАЛУАНДАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Аягөз қаласында қазақ күресінен жастра мен жасөспірімдер арасындағы Абай облысының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Екі күн қатарынан өткен байрақты бәсекеде Шәкәрім шаңырағының қанжығасы майланды. Жарыс қорытындысы бойынша, медаль саны жөнінен шәкәрімдік балуандар 3 алтын, 5 күміс және 1 қоламен көш бастады.
Ерлер арасында:
1 орын – Қуаныш Мақсұтов;
1 орын – Марат Нұрпейісов;
2 орын –Илияс Мадиев;
2 орын – Мейірбек Қайырбеков;
2 орын – Бақдаулет Құмаршанов;
2 орын – Нұржан Мэлсов;
3 орын – Дарын Қалиханов.
Қыздар арасында:
1 орын –Аяжан Хамитханова;
2 орын – Бақыт Өмірбекова.
Алдағы уақытта жас спортшылар Қазақстан Республикасы чемпионатында өнер көрсететін болады. Спортшыларымызды жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып алдағы сайыстарына сәттілік тілейміз!
ЖАСАСЫН, ШӘКӘРІМ ЖАСТАРЫ!