Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі16 маусым 2022тренинг, ынтымақтастық

Erasmus+ KazDual жобасы бойынша Еуропада білім алу

Университет ғалымдары Германияға Erasmus+ KazDual – "Қазақстанда дуалды оқыту жүйесін енгізу" жобасы аясында Магдебургтегі Отто фон Герике университетіне келді.
Қазақстан командасы Шәкәрім университетінің, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің және Семей қаласының Электротехникалық колледжінің қызметкерлерінен құралған.
Тренинг бағдарламасында Германия мен басқа да еуропалық елдердің кәсіптік және жоғары білім берудегі дуальді оқыту жүйесінің тәжірибесін трансферттеу: воркшоптар, Отто фон Герике университетінің зертханаларымен танысу, Германияның аталған бағыттағы жетекші кәсіпорындарына бару, Германия Федералдық Білім және ғылыми зерттеулер министрлігінің (BMBF) жетекші мамандарының тренингтеріне қатысу.