2021-2023 жылдары жүзеге асырылатын «STEM-білім беру және үштілділік жағдайында білім беру үдерісін жобалаудың инновациялық модельдерін әзірлеу негізінде жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді/педагогтарды даярлау» (AP09260305) ғылыми жобасының негізінде, 2022 жылдың 13-14 маусым аралығында ғылыми жоба жетекшісі, доцент Жолымбаев О.М. STEAM JasSpace бағдарламасын жүзеге асыратын «Орталық Азияның Еуразиялық Қоры» ҚҚ шақыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіде болып, «3+1 моделі бойынша болашақ педагогтарды даярлауда микроквалификацияның ролі» атты баяндама жасады.
Баяндамада келесі өзекті мәселелер қаралды:
- Қазақстанда STEAM дамыту бағдарламасы;
- персоналды қарқынды оқыту және STEAM 2.0 принциптерін енгізу;
- STEAM 4.0 енгізу және еңбек тәжірибесімен тығыз байланыс;
- STEAM бойынша оқыту модульдері мен курстары.
Сөз соңында жиналғандардың барлық сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді. Баяндама STEM білім беруді дамытуды зерттеп жүрген әріптестер арасында үлкен қызығушылық тудырды.