Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі17 тамыз 2022құттықтаймыз, гранттық қаржыландыру

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАЙҚАУЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІС

Шәкәрім университетінің ғалымы ҚР ҒЖБМ-нің 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар байқауында құны 76 млн. теңгені құрайтын гранттық қаржыландыруды жеңіп алды. 

Зерттеу тобының «Ішкі жану қозғалтқыштарының иінді біліктерінің тозған беттерін қалпына келтіру үшін дыбыстан жоғары доғалы металдандыру технологиясын әзірлеу» ғылыми жобасы техника ғылымдарының кандидаты Степанова Ольга Александровнаның жетекшілігімен, Plasma science ЖШС-мен бірлесіп «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» басымдығы бойынша Ұлттық Ғылыми кеңеспен қаржыландыруға мақұлданды.
Ғылымда жаңа биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!