Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 тамыз 2022ынтымақтастық, қосдипломды диплом, білім беру бағдарламасы

КОРЕЙТАНУ ҚОСДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АШЫЛДЫ

Шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту біздің университетіміздің басты стратегиялық бағыттарының бірі. Университеттің Халықаралық ынтымақтастық орталығының қызметі Шәкәрім университетінің дүниежүзілік білім және ғылым кеңістігіне кірігуінің ең маңызды бөлігі болып табылады.
Осы орайда бүгін Шәкәрім шаңырағында «Korean Studie» қосдипломды білім беру бағдарламасының тұсауы кесілді. Бұл Kyungdong University Global білім ордасымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қою арқылы мүмкін болды.
Оның шеңберінде шетелдік оқу орнының ғалымдары университетте дәріс беріп, корейтану мамандарын даярлай алады. Оқу процесі келесі оқу жылынан басталады.
Кьюнгдонг университетімен ынтымақтастықтың жаңа кезеңі студенттер ұтқырлығының жаһандық бағдарламасының жобасы. Биылғы оқу жылына 100% жеңілдік қарастырылды.