Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі27 наурыз 2023студенттер, құттықтаймыз, театр күні

ҚАРАКӨЗДІКТЕР – ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Бүгін Халықаралық театр күніне орай "Студент жастар театры - 2023" фестивалі өтті. Студенттік театр додасында Шәкәрім университетінің "Қаракөз" студент-жастар театры жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. "Үздік ер адам рөлін" – Мағауияұлы Сұңғат иеленді.
Аталған фестиваль Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Шәкәрімдік өнер сүйер қауымын айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен ізденіс тілейміз!