Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 маусым 2024көңіл айту, соболезнование

ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ҚАЙҒЫРЫП КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Ғасырға жуық тарихы бар Шәкәрім университетінің ұжымы мен білім алушылары қоғам қайраткері, ғалым Мұрат Әуезов дүниеден өтуіне байланысты Қазақ еліне қайғырып көңіл айтады.
Көрнекті тұлға саналы ғұмырында мәдениет, ғылым және саясатта қызмет атқарды. Марқұм асылдың сынығы, қазақ мәдениетінің шырақшысы атанған қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің ұлы.
Мұрат Әуезов қоғамдық-саяси өмірге де белсене араласты. Жас кезінде Мәскеуде оқитын қазақ жастарының қазақ мәдениетін дамытуға бағытталған "Жас тұлпар" мәдени-ағарту ұйымына кірді, кейін "Невада – Семей" антиядролық қозғалысының вице-президенті, "Азамат" қозғалысының тең төрағасы болды, "Сорос – Қазақстан" қорында басшылық қызмет атқарды әрі "Қоғамдық қорғау" қорының бір құрылтайшысы болды.
Қазаның арты қайырлы, жатқан жері жайлы болсын. Марқұмның елеулі еңбектері мен шығармалары халықтың жадында мәңгі сақталады.