КӨҢІЛ АЙТУ

15 май 2022көңіл айту, соболезнование

2022 жылдың 15 мамыры 82 жасқа қараған шағында Шәкәрім университетінің профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Қайырханов Қайса Керейұлы өмірден өтті. Қайса Керейұлы - кафедра меңгерушісі, декан орынбасары, институт проректоры қызметтерін абыроймен атқарған ардагер-ұстаз. Қайырханов Қайса Керейұлының отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның жарқын бейнесі әріптестерінің, студенттерінің жадында мәңгілікке сақталады.

Подробнее