Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 сәуір 2023сотрудничество, ынтымақтастық, шетелдік филиал ашу

РОЧЕСТЕР УНИВЕРСИТЕТІ ӨКІЛДЕРІ ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз сөзінде 2029 жылға дейін Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатындығын мәлімдеген болатын.
Осы міндетті іске асыру мақсатында ҚР ҒжЖБ министрлігінің қолдауымен Шәкәрім университетіне Рочестер университетінің делегациясы келді. Делегация құрамында қоғам қайраткері, ағартушы Hugh Hallman, Халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Daniel Palm және Халықаралық қатынастар жөніндегі профессор Harvey Charles.
Кездесу барысында Шәкәрім университетінің басшылығы қазақстандық және американдық ЖОО арасындағы ынтымақтастықтың бағыт-бағдары талқыланды.
–Біздің міндетіміз – американдық білім беру мәдениетін алып келу. Алда көптеген жоспарлар бар, оларды жүзеге асыру үшін білім беру бағдарламаларын анықтау, мүмкіндіктерді талдау, материалдық-техникалық база және т.б. сияқты негізгі мәселелерді қарастыру қажет,- деді Hugh Hallman.
Жақын арада делегация университеттің оқу ғимараттары мен жатақханаларын аралап, білім беру бағдарламаларымен толығырақ танысатын болады.