Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 қыркүйек 2022студент, спорт, құттықтаймыз

САБАНТОЙДА ӨТКЕН СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Бүгін Абай облысының І Халықаралық Сабантой мерекесі аясында ұйымдастырылған "Белбеу" күресіне Шәкәрім университетінің студенттері қатысты.
Республикалық турнирде бақ сынаған "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 1 курс студенті Мэлсов Нұржан боз кілем төрінде тартысты белдесумен көпшілік қауымды тәнті етіп, күміс жүлдені еншілеп қайтты.
Жас спортшымызды жеңісімен құттықтай отырып aлдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!
Татар және башқұрт халықтарының мерекесі Сабантой құтты болсын!