Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі07 желтоқсан 2023экология, құттықтаймыз, рейтинг

SHAKARIM UNIVERSITY ӘЛЕМДІК "ЖАСЫЛ" РЕЙТИНГКЕ ЕНДІ

Университеттердің экологиялық инфрақұрылымын жетілдіруге, орнықты даму мен қоршаған ортаны қорғауда үлесін өлшейтін UI Green Metric World University Ranking әлемдік "жасыл" рейтингінің 2023 жылғы мәліметі бойынша Shakarim University әлемдегі ең жасыл оқу орындары қатарына кірді. Әлемдік рейтингте 812-ші позияцияда болса, қазақстандық университеттер арасында Shakarim University 9-шы орында.
Басты мақсат - академиялық қоғамның назарын экология және тұрақты даму мәселелерін шешуге аудару.
«UI Green Metric» рейтингі әдістемесінде мынадай көрсеткіштер есепке алынады: энергияны тұтыну, климаттың өзгеруіне әсер ету, су ресурстарын ұтымды пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу, кампуста аймағында көліктің болуы, экологиялық мәселелер бойынша оқу курстары мен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру.
Рейтингті Индонезия университеті 2010 жылы құрастырды, беделі жыл сайын артып келеді.