Бүгін Shakarim University 26 сәуір –Халықаралық Чернобыль апатын еске алу күніне арналған «Чернобыль апаты – ғасыр қайғысы» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға Чернобыль ардагерлері, университет Ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы» кафедрасының оқытушылары және студенттері қатысты.
Басты мақсат – Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға қатысқандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.
Чернобыль апаты туралы баяндаманы - кафедра аға оқытушысы, Чернобыль ардагері Кайсанов С.Б. жасады. Баяндамашы Чернобыль атом электр станциясының (АЭС) салуы мен жұмыс істеуі принциптерінен таныстырып, ары қарай Чернобыль апатының жаңғырығы әлі естілеуде, яғни осыдан 38 жыл бұрын, 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогы жарылды. 1986 – 1990 жылдар аралығында Чернобыль апаты салдарынан жоюға 32 мыңнан астам қазақстандықтар қатысты. Олардың қатары жылдан жылға азайып, алапат апаттың зардабын әлі күнге дейін шегіп келеді.
Кеңес Одағының барлық республикасынан 800 мыңнан астам мамандар, ғалымдар, жұмысшылар және әскери қызметшілер апат салдарын жоюға қатысты, әсіресе алға қойылған міндеттерді орындауға әскери қызметшілер мен әскери комиссариаттардан қайта даярлауға шақырылған азаматтардың қосқан үлесі зор. Сол адамдардың батылдығы мен жанқиярлық әрекеттері болмаса, апаттың ауқымы өлшеусіз ұлғаяр еді. Бірақ олар АЭС сепкен ажал уынан құтыла алмады,- дейді ардагер.
Егер Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысушылардың батылдығы, қаһармандығы мен жанкештілігі болмағанда, экологиялық апаттың ауқымы пропорционалды емес болар еді. Адамдар өмірі мен денсаулығының құнына бүкіл әлемді жаһандық экологиялық апаттан құтқарды. ГК-201 тобының студенттері Такеева Тоғжан, Фазымова Жасмин, Тулегенов Нұрали, Әбен Нұрдәулет дайындаған атом электростанциясы (АЭС) туралы презентацияларын көрсетті.