Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі06 маусым 2024ынтымақтастық, оқытушылар

Shakarim University оқытушылары біліктіліктерін арттырып келді

Shakarim Univeristy оқытушылары PhD доктор Құралай Адильжанова  және әлеуметтік ғылымдар магистрі Мадина Тезекбаева Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті мен Біліктілікті арттыру мен қайта даярлау институтына «Дағдарыс жағдайларында көмек көрсету бойынша педагог-психологтың жұмысы» бағдарламасы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыруға шақырылды.

Аталған елге сапардың мақсаты - үздіксіз мамандандырылған даярлық жүйесі ретінде ерте бейіндеуді ұйымдастыру бойынша БГПУ тәжірибесін зерделеу, оқу орындарының тәжірибесімен алмасу және білім берудің академиялық және қолданбалы аспектілері саласындағы одан әрі ынтымақтастық орнату. Оқытушылар мақсат-міндетін толығымен іске асырып, қос ЖОО арасында меморандумға қол қойылды.

 «Дағдарыс психологиясы» пәні бойынша дәріс сабақтарын, БГПУ Психология институтының  Жалпы және ұйымдастырушылық психология кафедрасының 1-23 01 04 «Психология» мамандығының 2 курс студенттері үшін «Тұлға психологиясы» пәні бойынша (10 оқу сағ.) практикалық сабақтар өткізуге қатысты. 2024 жылғы 20 мамыр мен 21 маусым аралығында офлайн-онлайн форматында 144 сағат көлемінде «Білім берудегі ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері» ғылыми тағылымдамасынан өтті.

2024 жылғы 24-25 мамыр аралығында «Отбасы құндылық ретінде» VIII Халықаралық психологиялық шеберлік фестивалінің бағдарламасы бойынша қатысты.